Тіл - тас жарады...

ҚАЗАҚСТАН ДА РЕСЕЙДІҢ ЖАСАҒАНЫН ҚАЙТАЛАУ КЕРЕК

  • ҚАЗАҚСТАН ДА РЕСЕЙДІҢ ЖАСАҒАНЫН ҚАЙТАЛАУ КЕРЕК

    ҚАЗАҚСТАН ДА РЕСЕЙДІҢ ЖАСАҒАНЫН ҚАЙТАЛАУ КЕРЕК

ЗАҢСЫЗ МИГРАНТТАРДЫ ДЕРЕУ ШЫҒАРУ КЕРЕК...

 

Қазақстан да осы жолы Ресейдің жасағанын қайталау керек сияқты. Атап айтқанда заңсыз мигранттарды елден жаппай шығаруды айтамын. Ресей 1,1 млн заңсыз мигрантты елінен шығарып жатыр. Оларды өз елдеріне алып кетуге 15-маусымға дейін уақыт берілген. Әйтпесе шекараны тарс жабамыз деп отыр.

 

Енді сөзсіз сол 1,1 млн мигранттың біразы, шамамен 200-250 мыңы, яғни 25% бізге келуі мүмкін. Оның ішінде 49 мың қазақстандық бар. Ал Ресейдегі заңсыз еңбек мигранттарының көбі Орталық Азия елдерінен ғой.

 

Енді Ресейге бармаса, біразы бізге ағылады. Біздегі заңсыз мигранттар Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстаннан ғой. Сондықтан бізде заңсыз мигранттарды 1-маусымға дейін шығарып тастау керек деп ойлаймын. Ол қазір өте маңызды.

 

Біріншіден, әлемде пандемия. Барлық азаматтар вакцина алып жатыр. Заңсыз мигранттар ол процеске қатыса алмайтыны анық. Ал жүздеген мың заңсыз мигрант вакцина алудан тыс қалса, онда вирусты жеңу де қиын болады. Себебі олардың басым бөлігі құрылыс, бау-бақша саласында істейді.

 

Екіншіден, коронадағдарыс салдарынан әлемде экономикалық дағдарыс болып жатыр. Бізде де. Жұмыс орындары жабылуда. Әр жұмыс орны маңызды. Сондықтан Қазақстан азаматтары жұмыспен қамтылу үшін заңсыз мигранттарды шығару керек. Заңсыз мигранттар жұмыс тапшылығын жасайды, себебі нарықтағы бағаны түсіреді.

 

Үшіншіден, ұлттық қауіпсіздік түсінігін ешкім алып тастаған жоқ. Заңсыз мигранттар арасында қылмыскер де, елінен қашып жүрген азаматтар да болуы мүмкін. Оны да ескерген жөн.

 

Төртіншіден, капитал ағымы сыртқа кетеді. Жылына миллиондаған, тіпті млрдтаған доллар.

 

Бір елден екінші елге барып жұмыс істеу тәжірибесі жаһандану уақытында арта береді. Қалыпты процесс. Бірақ заңды түрде жұмыс істеуге ғана рұқсат берген дұрыс. Еңбек визасын ал, келіп тіркел, келуші елге салығыңды төле де, алаңсыз жұмыс істе. Осы принцип екі жаққа да тиімді деп санаймын. Заңсыз мигрантты миллиондап кіргізген Еуропаны қараңыздар, біреудің жағдайына қарап, аяушылық танытатын заман емес.

 

ПыСы: Қазақстан Ресейден бұрын, 1-маусымға дейін заңсыз мигранттарды шығарып тастау керек деп ойлаймын.

 

 

 

 

Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3516    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.04.2021, 10:55

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Сәуір, 17:01
    ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ – ХАОС
    23 Ақпан, 09:09
    Біз кімбіз, сонда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31