Қазақты қорлайтын жарнама...

20 тамыз 2022, 17:43

ОҚШАУ ОЙ

 

"З1-арнаның" жаңалықтарының арасында сиыр сигендей шорылдатып құйылатын "пияла" шайының жарнамасы өте сәтсіз шыққан сияқты. Шайға деген құмарлығың кетіп қалады ана дауыстан.

 

***

 

"Хоумбанктің" (ұмытпасам) жарнамасы да - сол. Қазақты қорлайтын жарнама дер едім. Бір қора кемпір-шалы, қатын боп киінген еркегі бар кілең ұсқынсыз қазақтар кредитке байланып, банкті отбасының ең жанашыр досы етіп көрсетеді (өздерінше). Ең сенімді "дос" - банк болса, атасының басына кредитім кешірілсін деп жүр ме қалың қазақ?

 

Әсілінде, апам дұрыс айтады, жарнама авторының (менің ойымша, топас болған соң) ешқашан аты көрсетілмейді.

 

Пы.Сы. Қазақты қорламайтын, қазақтың намысына тимейтін, қазақтың менталитетіне сай келмейтін жарымжан жарнамалардан эфирді тазартатын кез жетті, басшы қазақтар. Кішкене ұлттық намыс болуы керек қой ақшадан туыс-туғаның  қырылып қалса да!

 

 

Айгүл Болатханқызы

Фейсбуктегі парақшасынан