Тіл - тас жарады...

ҚАЗАҚТЫ ҚЫТАЙМЕН ҚОРҚЫТА БЕРЕТІНДЕР - ОРЫСҚА ИТЕРМЕЛЕУШІЛЕР

  • ҚАЗАҚТЫ ҚЫТАЙМЕН ҚОРҚЫТА БЕРЕТІНДЕР - ОРЫСҚА ИТЕРМЕЛЕУШІЛЕР

    ҚАЗАҚТЫ ҚЫТАЙМЕН ҚОРҚЫТА БЕРЕТІНДЕР - ОРЫСҚА ИТЕРМЕЛЕУШІЛЕР

Қазақты Қытаймен қорқыта беретіндердің екінші  аты - "қазақты орысқа итермелеушілер"  екенін естен шығармау керек. 

 

Әлемде Қазақстаннан әлдеқайда кіші,  бірақ  Қытаймен  шекаралас,  тіпті  сол Қытаймен  қырғиқабақ   -  Тайван,  Моңғолия,  Непал,  Ауғанстан деген елдер бар екенін ұмытпау керек. 

 

Бірақ бұл елдердің   Қытайдан қорқып  Ресейге тығыла бергенін көрмеппін. 

 

Ал бізде тіпті  күллі қазақ  бір -  бірінің ауыздарына түкіріп қойғандай айтатын,   "қара қытай қаптаса  орыс әкеңдей көрінер"  деген сөз бар.

 

Бұл сөзді кім шығарған өзі?!....

 

Құрметті қазақтар,   егер мемлекеттіліктеріңізге сонша сенімсіз болсаңыздар, мына мемлекетсымақты жауып,  бәлкім арттарыңызға жалтақтамай сол  "старший браттарыңызға"  қайта  ораларсыздар,  ә?!....  Ойланыңыздар.

 

Я болмаса,  біреуіне тоңқайып,  екіншісіне жалпаймай дұрыс геосаясат құрып үйренелік.  

 

Қытай көп болса қайтейік,   қазір 21  ғасыр,  қаптаған әскерді  бір кішкентай түймешікті басып қана  жаһаннамға аттандыруға болады.  Енді  бұл миллиард  нөпірмен  қылыштасып -   найзаласып отырады дейсіздер ме? Жаңа заманның жанжалы да жаңаша болады емес пе....

 

Сондықтан миымыз жетсе сондай   заманауи  жағдайға жетуге тырысып,  маңымыздағы көршілерді   қыңбайтын  дәрежеге  көшу керек. 

 

Қысқасы,  біз мынадай географияда тек қана ақылды,  озық,  заманауи мықты болу үшін жаралғанбыз.  Ол қолымыздан келеді. Бізде басқа жол да  жоқ.........

 

 

 

Қайрат Нұрлықасымұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 11707    Пікірлер: 0

жұма, 14.05.2021, 23:27

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Сәуір, 17:01
    ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ – ХАОС
    23 Ақпан, 09:09
    Біз кімбіз, сонда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30