Тіл - тас жарады...

ҚАЗІРДЕ ЖАС ӘНШІ КӨП. ӨҢШЕҢ "ЖҰЛДЫЗ". ҚАЗАҚ АСПАНЫНА ҚАЛАЙ СЫЙЫП ТҰР

  • ҚАЗІРДЕ ЖАС ӘНШІ КӨП. ӨҢШЕҢ

    ҚАЗІРДЕ ЖАС ӘНШІ КӨП. ӨҢШЕҢ "ЖҰЛДЫЗ". ҚАЗАҚ АСПАНЫНА ҚАЛАЙ СЫЙЫП ТҰР

Жылағым келген. Жас таба алмадым...

 

"Ақша да адамды арақ сияқты мас қылады екен. Қазақстанда осындай "мастар" тым көбейіп кетті. Қолдарына түсіп қалудан біртүрлі қорқасың.

 

Қазірде жас әнші көп. Өңшең "жұлдыз". Қазақ аспанына қалай сыйып тұр деп таңғаласың. Ал көбінің әнін тыңдасаңыз... Әуені – азғын, сөзі – сорақы. Аяқтары –жерде, демі – көкте. Қолда – микрофон... Бар кәсіптері ел-жұрттан ақша жинау. Бизнестің ең оңай жолы осы шығар. Әлің жетпесе әнмен ойна деп оларға кім айтты екен?!

 

Орыстарда сынды да, марапатты да қабылдай алатын мінез бар. Олар Пушкиннің жүргіштігін, Лермонтовтың сумақайлығын, Некрасовтың алаяқтау карта құмарлығын, Достоевскийдің қояншық ауруын, Маяковскийдің екі адамға ортақ бір әйел ұстағанын, Есениннің сифилиспен ауырғанын, Рубцовтың ішкіш боп, көңілдесі тұншықтырып өлтіргенін жасырып, жаба ма? Жоқ! Ашық айтады. Өйткені, қаншама ұлы тұлға болса да – нәті адам. Сондықтан да, олардың бетіне шіркеу түсіп жатқан жоқ.

 

Бізде ше? Атай көрмеңіз. Өңшең шыбық тимес шыңқ етпе. Керемет, ғажап, классик, ұлы... Қағыс сөз айтсаң қалпағыңды қағып түсіреді. Үстеріне шыбын тұрмақ шаң қонбауы керек.

 

Таңертең айнаға қараймын. Бетінде ит тірліктің ізі қалған бір шал тұрады. Басымды алып қашамын. Барлық жас дәурен айнаның арғы жағында қалған сияқты.

 

Той-топырда жастарға жұрт сияқты "Бақытты болыңдар" деп тілек айтамын. Бақыттың не екенін шындап келгенде өзім де білмеймін. Бәлкім, біздің жақта жоқ зат шығар?!

 

Үш рет комаға түсіп, ес-түссіз жаттым. Алды сегіз, соңы екі күн. Аллекем әрі ойланып, бері ойланып мені о дүниеде еш кәдесіне жарата алмаған соң тірі қалдырған сияқты.

 

Есіл жағасында ұзақты күн қыдырдым. Толқынды толқын желкелеп, өлтіріп жатты...

 

Аман-саулық сұрасқан бір танысқа: "Жүріп жатырмыз, уақытша", – деп ем. Шошып кетті.

 

– Қалайша уақытша? – деп.

 

 Оған не айтуға болады?

 

Халықты жоқшылық емес, тоқшылық құртады. Аздырады. Бұл – ерте дүние тарихынан мәлім құбылыс.

 

Жылағым келген. Жас таба алмадым..."

 

Рахымжан Отарбаев.

 

 

 

Алма Тусупбекова

Фейсбуктегі парақшасынан

 

 




Көрілген: 4805    Пікірлер: 0

сенбі, 10.04.2021, 09:38

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Сәуір, 17:01
    ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ – ХАОС
    23 Ақпан, 09:09
    Біз кімбіз, сонда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31