Тіл - тас жарады...

Қазіргі білім жолының бәрі піштірілген формада...

  • Қазіргі білім жолының бәрі піштірілген формада...

    Қазіргі білім жолының бәрі піштірілген формада...

Мәңгүрттенудің тапжылмайтын жолындамыз. Енді бес-он жылда ұрпағымыз нағыз мәңгүрт болатына дауым жоқ. Себебі, Білім министрлігі миға қонбайтын бағдарламалармен қолдан, жүйелі формада мәңгүрттендіріп жатыр. Бізде бәрі керісінше. Тұяғы сәл қисайған қара халықты пәшкілеп соттай салады. Ал, отыз жылдан бері есуас бағдарламалармен ұрпақтың миын аталаға айналдырған Білім министрлеріне түк те жұқпайды?! Айналайын-ау, бес жыл оқып, толыққанды диплом алатын жоғары оқу орындарын төрт жылдық қып бакалаврлыққа "піштіріп" жіберді. Магистратураны оқып барып, кеңес үкіметі кезіндегідей қарапайым диплом иесі боп шығады. Соның өзінде шетелге бара қалса, сонша жыл көзмайын тауысқан дипломы жарамсыз?! Бұлардың ғылым жолы да ала-құла. Бұрын, бес жыл оқыған дипломмен аспирантураны тауысып кандидаттықты, сосын барын доктарантураға түсетін. Қазіргі білім жолының бәрі піштірілген формада. Оған да көндік. Аллам-ау, мектепте үш тілде оқытатын мемлекет әлемде бізде ғана болар?! Өз тілін әрең түсінетін бала, үш тілді қалай меңгермек? Болашақпен "данышпан" боп оралғандар еліктейтін Англия, бізге бір жерін ашып күлетін шығар? Бала түгілі ересек түсінбейтін бағдарламамен Білім минстрлігіне ұрпағымызды рухани мүгедекке айналдырып, миға симайтын есуас бағдарламаны бекітіп беретін Парламент пен Сенат депуттаттары да болашақ алдында жауапты!


Сая Қасымбек
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2530    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.06.2020, 11:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31