Тіл - тас жарады...

Қазіргі заман насихатына жауап беретін толымды әдебиеттен ұятты болып тұрмыз

  • Қазіргі заман насихатына жауап беретін толымды әдебиеттен ұятты болып тұрмыз

    Қазіргі заман насихатына жауап беретін толымды әдебиеттен ұятты болып тұрмыз

Азияны аузына қаратқан әдеби шығарма бере алмадық. Есесіне, Азия қаламгерлерінің басын қосып, форум аштық. Әйтеуір есемізді жіберген жоқпыз. Бір қызығы, Азияда, әлемде қазақ әдебиеті емес, қазақ авторлық киносы жақсы бағаланып, көп жүлде алып жүр. Ал әдебиет... Әдебиет құлдырап кетті деген Сүлейменовтың сөзінің жаны бар. Өткені емес, кешегісі мен бүгіні. Әдебиеттің насихаты жақсы жүріп жатыр. Бірақ сол қазіргі заман насихатына жауап беретін толымды әдебиеттен ұятты болып тұрмыз. Біздікі сол, ащы ішектей шұбатылған ауыл-аймақ әрі кетсе фольклордың елесін тамсаған қазақы пәлсапа. Сөйтіп отырғанда алдымыздан "Азия алыбы" шыға келмесі бар ма!. Бұйыртса, баяғы әуенге тағы басамыз. Тоқ етері, бүгінгі әдебиетте, әдеби жүйеде саяси жүйеден аумайды. Тіпті соны дәлме-дәл қайталайды. Совет қазақ әдебиеті қалыптастырған санадан осы күнге дейін құтылып, сытылып шығуымыз керек еді. Оны айтасыз, біз әлі күнге дейін қазақ совет әдебиетінің оқырманымыз. Тамсанамыз. Ал бүгінгі заманды, дәуірді өзгелерден оқып жүрміз. Бізге әдебиетті қала берді тұтас мәдениетті отарсыздандыру шарасы керек. Демек тағы бір форум керек. Форум емес, мәдени реформа керек. Ақылды адамсыз, ар жағын айтқызбай-ақ түсініп отырған шығарсыз.


Өміржан Әбдіхалықұлы

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 2178    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.09.2019, 10:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30