Тіл - тас жарады...

"Кедей мемлекетпіз дегенім үшін кешірім өтінемін". Керемет сөз!

  • "Кедей мемлекетпіз дегенім үшін кешірім өтінемін". Керемет сөз!

ИНСТАГРАМ ЖАСАСЫН!

"Кедей мемлекетпіз дегенім үшін кешірім өтінемін" Керемет сөз! Біз мыңдаған кәсіпорны экономикасын алға қарай зулата сүйреп келе жатқан ел екенімізді осы уақытқа дейін білмеген мұғалім осылай депті. Кешегі үндеуді оқып көзі ашылса керек, кешірім сұрапты. Оқымаған-ау? Аудан әкімі түсіндірген секілді. Қазит-жорнал оқымайтын пендені әкесін танытып тез түзеген ол әкімге мың алғыс! Әлгі мұғалім әртіс қана емес, өзі өте бақуатты екен. Ресторанда суретке түсіпті, демек рестораны бар, мерске сүйеніпті демек мерсі бар, жылтыр көйлек киіп тойға барыпты, демек сауық-сайраннан қолы босамайды, қой-ешкінің ортасында жүрген видеосы бар, демек... Біреулер Ужс! 300 мың алады екен! - деп талып жатыр. Білім басқармасы "Оның көлігі бар!" - деді, соған қарағанда бір қуыста тығылған Гелигін әшкере еткен-ау. Сөйте тұра кедейміз, үйім жоқ, интернет жоқ, - деу енді... Безобразие! Тұр ғой бәрі инстаграмда. Қолына удай қымбат отыз мыңның соткасын ұстап алып, 4g-мен сурет жүктеп жүріп кедейміз дейді. Мұндайларды әзірге бақуатты елдің картасына кіріп үлгермеген Жеңіс, Байшегірге көшіріп жіберу керек... Ол жақтағылар әзірге байлығын байқата алмайды. 4g барғанда елдегі байлар саны күрт өсіп, кедей деген мүлдем жойылып кетуі мүмкін. Отыздан озып кетпейік, ұят болар деп әдейі желі жеткізбей отырмыз. Желі жетсе қызықтың көкесі болады. Қысқасы, мемлекеттің экономикалық деңгейінің көрсеткіші - инстаграм жасасын! Инста - дос, көңіл - хош!

 

Serik Abikenuly
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 4004    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.04.2020, 10:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31