Кеңес кезеңінің жақсы жағын айтсаң халық жауына айналып шыға келесің
ХХ ғасыр басындағы қазаққа екі қайтара соққыға алған жұт - кеңес жүйесінен келді. Қазақ қырылды. "Коммунист" сөзін естісек, тұла-бойымыз қалшылдап кетеді. Кеңес кезеңіндегі жақсы жағын айта қалсаң, қарадай халық жауына айналып шыға келесің. Шүкір, Егемен ел болдық. Ғажайыпты күттік. Әлбетте, бұрынғыдай "Орталыққа" жалтаңдамаймыз. Әттең... Құлдыраған экономика, шарықтаған құн, білімсіздік пен жұмыссыздық жайлады. Енді міне, ТМД елдерінің арасында жойқын кеселден халқы баудай түсіп жатқан тағы сол Біз болып отырмыз. Дәріханалар ойына келген бағамен ойран салуда. Қарапайым аспирин таппай сенделген ел. Ауруханаға кірген адам, табытпен шығып жатыр. Осыған енді кімді кінәлайық? Кеңеске жабайық десек, құлағанына бақандай отыз жыл.
Сая Қасымбек
Фейсбуктегі парақшасынан