Кейбір әкімдіктер мен үкіметбасындағыларға бәрібір болса керек

23 қараша 2022, 14:11

Мектеп құрылысы бойынша шыққан маңызды зерттеу туралы ой

 

Балаларымызға мектепті жетістіре алмай жатқан кезде, халықтың бюджетіне еш жаны ашымай, жаңа мектептерді нарықтағы өзінің орташа бағасынан 2-3 есе қымбат бағамен, ең тиімсіз, тендер тәсілі арқылы неге соғып жатқанын еш түсіне алмадым. Кейбір әкімдіктер мен үкіметбасындағыларға, маслихаттарда отырып халық атынан бюджетке келісім беретіндерге бәрібір болса керек. Ал Президент бұл жайлы біле ме?

 

Егер де, сәл жанымыз ашып, онсыз да жеткізе алмай жатқан ақшаны әділетті жолмен, тиімді тетіктерді ұстана отырып жұмсасақ, келесі 10 жылда 3 ауысым түгіл, 2 ауысымды мектептерден құтылып, 4 млн оқушының әрбірін таңнан кешке дейінгі сапалы білім-тәрбиемен қамтамасыз етер едік қой?

 

П.С. Адал еңбек-терімен, сапалы құрылыс жасап жатқандарға еш қарсылық жоқ. Ақысын алсын. Тек халық ақшасын игеруде ашықтық, әділеттілік пен жанашырлық болса деп тілейміз.

 

 

 

 

Нурмухаммед Досыбаев

Фейсбуктегі парақшасынан