Тіл - тас жарады...

Кейбір "ұлтжанды, жастарға жанашыр" болып жүрген кісілердің маскасы да тым жасанды

  • Кейбір

    Кейбір "ұлтжанды, жастарға жанашыр" болып жүрген кісілердің маскасы да тым жасанды

Қанша жақсы танитын адамың болса да, "сенемін, кәміл сенемін" деп айту дұрыс емес екен. Бұрын біреулер туралы сөз болса, көп жылдан бері танитынымды, сенетінімді айтушы едім. Кейбір сондай сенетін адамдарымның қазір мүлдем өзгеріп кеткенін кейін байқадым. Сондықтан басқалар туралы сөз болғанда мойынға жауапкершілік ала сөйлеуден абай болсақ дегім келеді.

Бір қызды білемін. Мәдениетті алаяқ. Екіжүзділігін әдемі жасыра біледі. Бүгін бір жазбадан белгілі адамдардың сол қызға сенетінін айтып, қолдап отырғанын көріп қалдым. Тағы бір жігіт бар. Танымал. Белгілі адамдармен суретке түсіп, сондай кісілермен аралас-құралас екенін көрсетуге құмар. Былай білімсіз де емес. Бірақ сол білімін пайдалы нәрсеге емес, әлсіздерді алдап кетуге, лақтырып кетуге жұмсауы көп. Біреу туралы пікір айтқанда абай болайықшы.

Осындағы жұрт төбесіне көтере табынып отырған кей кісілердің былайғы өмірде ешкім емес екенін білесің. Кейбір "ұлтжанды, жастарға жанашыр" болып жүрген кісілердің маскасы да тым жасанды. Сондықтан мүмкіндігінше қолдан қаһарман жасамайықшы.


Жұлдыз Әбділда

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1569    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.10.2019, 12:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30