Кейде әдебиетті аяп кетесің. Басқасын айтпағанда орындалуы орашалақ, идея, ойдан жұрдай әншейін бір оқиғаны ащы ішектей шұбатқан, бар тілін көрсетіп қалғысы келіп аяғында тіптен тілді түтіп-түтіп жыларман халге жеткізген ұзақ баяндама секілді шығармаларды көргенде өзің ыңғайсызданып кетесің. Мұндай шығармалар көңілжықпас ағайын әдетімен көпірте мақталғанда кәдімгідей дағдарасың. Сүйтесің де ескі кітаптардың әлеміне сүңгіп кетесің. Ә деген алғашқы сөйлемінен-ақ көркем әдебиеттің исі аңқып қоя береді. Сонда жоғарыдағыдай шығармаларға төгіліп жатқан арамтердің өтеуі де арзан шығарма болады екен-ау деп ойлайсың. Қарымын білмеу қаламгерге қасірет.
Өміржан Әбдіхалықұлы
Фейсбуктегі парақшасынан