Кейде сын айтпас бұрын сәл ойланайықшы
Таңертең лентадан бір блогер келіншектің қолына 1-сынып оқушысының кітабын ұстап алып, бәрін "сыбап" жатқанын көріп қалдым. Балалардың бірден буынды, дауысты-дауыссыз дыбысты өтіп кететінін айтып жатыр екен.
"Міне, "А" әрпі. Содан кейін "Н". "Ә" қайда қалды?" – дейді. Бұл Сағадиевтің немесе Аймағамбетовтің, тіпті Тасмағамбетов пен Көшербаевтың ойлап тапқаны емес, баяғы заманнан солай. Отыз жыл бұрын біз мектепке барғанда да солай болған. "Әліппеде" де "А" әрпінен кейін "Н", сосын "Т", сосын "Р", "Ш" деп кете беретін. Тіпті, әліпбидің соңына таман орналасқан "У" бас жағында. Неге? Өйткені 42 әріпті өтіп бітуді күтіп отырмай, сөз құрау керек. Мысалы, "А". Одан кейін "Н". "А-на", сосын, мысалы, "Т" әрпін өтеді. "А-та, ат, та-на". Одан кейін "Р" болса, бала "ар, а-ра, тар, нар" деген сөздерді оқып, жазады. Сосын "У". "А-уа, тау, на-уа, А-ла-тау"... Баяғыдан солай.
Әріп білмейтін балаға мәтін беріпті дейтіндер бар. Ол мәтінде балаға "Оқы" немесе "Мазмұнда" деп тұрған жоқ қой, "Тыңда" деп тұр. Кейде сын айтпас бұрын сәл ойланайықшы.
Жұлдыз Әбділда
Фейсбуктегі парақшасынан