Тіл - тас жарады...

Киллер жалдаудың да күні алыс емес шығар сіздерге?

  • Киллер жалдаудың да күні алыс емес шығар сіздерге?

    Киллер жалдаудың да күні алыс емес шығар сіздерге?

Аудандағы мәселелерді ашық айтып, тиісті мақсатына толық игерілмей, жеткенше жұлым-жұлым болы жыртықты жамауға ғана әрең жеткен қаржы мен сапасыз құрылыстардың соңынан қуып жүрген белсенділерге ақпараттық шабуыл басталды. Мысалы Тарбағатай ауданының белсендісі Ербол Жанибековты көп балалы отбасы ретінде алған үйін заңсыз алды деп жала жапса, блогер-заңгер Асел Мержақыптың тірі әкесін, ал Ербол Қанафиннің марқұм әкесінің құлағын шулатыпты. Ал мені "пандемия кезінде халықтың қаржысын жинап алып, қалтаға басқан алаяқ, қоғамдық қор құрған жемқор" етіп көрсетуге тырысыпты. Ақпараттық шабуылдың бір сәтте жаппай басталуынан бізді қарапайым халыққа бізді қарабет қылып көрсетудің барлық айла тәсілдерін бүге-шігесіне дейін ойластырғандары байқалады. Ал белсенді азаматтардың артықшылығы, барлық былықтарды өздерінің аты-жөндерімен ашық сынап тұрып жазатындығы. "Ал менікі өтірік болса сотқа берсеңші" деп қасқайып қарап тұрады ғой шіркіндер! Ал олар сотқа беретін болса өздерінің арттары ашылып қалатындығын жақсы біледі. Өйткені бөлінген қаражат құны құрылыс нысанына жүргізілген жұмыс сапасының маңына да жоламайды. "Ауыл тұрғыны" деген фейк атын жамылған "дарынсыз СММ-шиктің" бірі маған бәле жабуға тырысты. Алайда жинаған қаржының толық есебін менен қабылдаған ревизиялық комиссия мүшелерінің, "Тарбағатай жомарт жандары" қайырымдылық қорының Ватсап тобында әрбір тиынды қалт жібермей қадағалап отырған 216 құрылтайшысы мен мені жақсы танитын қарапайым халықтың қарсы шабуылына ұшырап, ақыры коментарилерін өшіріп тыныпты. Оның бұл ақымақтығы менің адалдығымды айшықтамаса, абыройыма еш нұсқан келтіре алмады. Өйткені Аққа Құдай жақ! "Қазақ қазақ," "Иван Иванович", "Ауыл тұрғыны", "Жунискулова Салима", "Сағидуллаев Самат" деген сияқты феиктер бір күнде пайда бола қалып, белсенділерді жамандай жөнелгені маған таң нәрсе емес. Біреуі әлеуметтік желіге тіркелмеген әріптесінің суретін заңсыз пайдаланып отырса, ал анау Самат деген феикі бір қырғыз азаматының суретін жамылып алып "Ақжардың тумасымын, туған жерімнің бірлігі қымбат, Ермек пен Асел іріткі салғыш елдің қас жаулары" деп әкімдіктің парақшасында пікір жазып емешегі үзіліп отыр. Оларды әкімдіктің жалдаған фейктері екендігі әкімдікті жақтап, белсенділерді қаралап жазып жүрген жүздеген пікірлерінен анық байқалады. Жарайды әзірге фейктерді жалдап жатыр екенсіздер. Киллер жалдаудың да күні алыс емес шығар сіздерге? Арасында әкімдікті де жөн-жосықсыз жамандап отырған фейктері бар. Олар да халыққа "белсенділер феик атын жамылады" деп көрсету үшін жасап отырған өз адамдары.
Мынау сіздердің "қармаққа түскен" бір фейктеріңіз))))))

Ермек Құрманғалитегі

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3412    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.02.2021, 10:42

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Сәуір, 17:01
    ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ – ХАОС
    23 Ақпан, 09:09
    Біз кімбіз, сонда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31