Тіл - тас жарады...

Қоғамда қордаланып қалған мәселелерді уақытында шешіп отыру керек

  • Қоғамда қордаланып қалған мәселелерді уақытында шешіп отыру керек

    Қоғамда қордаланып қалған мәселелерді уақытында шешіп отыру керек

Америкадағы көтерілістің себебі...


Бұл көтерілістің себебі Дерек Шовен деген полицайдың Джордж Флойдты өлтіріп алғанына болды дейді. Меніңше бұл оқиға оқталып қойған мылтықтың шүріппесін басу ғана.

Арты осындай үлкен қақтығысқа алып барған оқиғаларды еске алайықшы. 2010 жылы Туннисте Мохаммеда Буазизи деген саудагер өзін-өзі жағып жіберіп, жарты араб елін шарпыған үлкен отты тұтандырды. Бірақ қоғамда үлкен ішкі қайшылықтар болмағанда, бұл жағдайдың соңы бұндай алапат өртке апармас еді. Авторитарлық режимнің халықты әбден тығырыққа салып, көптеген жылдар бойы ашу-ызасын тудыруы, осы оқиғадан соң бұрқ ете қалды.

Тарихтан білетінімізде босния сербі 19 жасар Гаврило Принцип Австрия Венгрия эрцгерцогы Франц Фердинандды атып өлтірген соң бірінші дүниежүзілік соғысының басталуына алып келді.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың да себебі жайлы небір нұсқалар бар:

  • 19 ғасырдың аяғында күшейіп Алған Германия, Европада гегемонияға ие болғысы келіп қанай қоймай, әлемге ықпалын жүргізгісі келді
  • Қоршаған елдер Осман империясының осалдануын пайдаланып оны бөлшектеп алуғы тырысты
  • Экономикалық империализм
  • Сауда кедергілері
  • Автократия
  • Милитаризм
  • тағысын тағы


Бәрі соғыстың басталу себебін іздеп, таба алмай жатыр. Олардікі бос әуре, себебін таба алмайды да. Соғыс бір ғана себептен басталған жоқ, соғыс барлық себептерден қосындысынан бірақ басталды. Томас Вудро Вильсон.

- Короновируспен келген кризис елді шаршатып, депрессияға ұшыратып, агрессиясын көтеріп жіберді. Көптеген адамдар жұмыстарынан айрылып қалды
- Қара нәсілділермен бірге ақ нәсілділердің қоса шығуына қарағанда олар да билікке наразы екені байқалады
- Және де АҚШ-та күзде президент сайлауы келе жатыр, Трампты көп халық расист деп біледі. Соған қарсы дайындықта бар секілді.

«Ақылды адам басқаның қателігінен сабақ алады» дегендей, бізде осындай көтерілістер орын алмауы үшін, қоғамда қордаланып қалған мәселелерді уақытында шешіп отыру керек екенін тағы да бір көрдік...

Біздің елде қандай қордаланып қалған, халықтың осындай қиратушы инстинктін оятып жіберетін мәселелер болуы мүмкін? Бетін ары қылсын, әрине...

Ахметбек Нұрсила
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2354    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.06.2020, 12:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30