Тіл - тас жарады...

Қоғамды ішек-қарын "патшалығы" басып алды...

  • Қоғамды ішек-қарын

    Қоғамды ішек-қарын "патшалығы" басып алды...

ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ДЕГЕН СӨЗ!


Осыдан біраз уақыт бұрын «Аргументы и факты» апталығы академик Сергей Капицаның «Ресей ақымақтар еліне айналып барады..."» (№37, Қарашаның 9-15 жұлдызы) атты дабылды мақаласын жариялады. Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының (ВЦИОМ) мәліметтеріне қарағанда, ресейліктердің 35 пайызы кітап бетін ашпайтын көрінеді. «Егер осы бетімен кете берсе,-деп дабыл қағады орыс оқымыстысы  – бұл елдің болашағы күнгірт». Орыстардың небары 35-ақ пайызы кітап оқымаса, қазір қазақтардың 99 пайызы оның бетін де ашпайды!


Кітап оқымайтын елдің екі көзі – теледидарда... Онда күнде – шоу, Байжанбаевтар жоқ, оның орынында Қоянбаевтар отыр! Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» дәуірнамасын түпнұсқадан оқу мен теледидардан көре салудың арасы – жер мен көктей! Қоғамды ішек-қарын "патшалығы" басып алды... Мәдениетті комерцияға басыбайлы құл қылудың соңы сорға айналып барады! "Мемлекет  – деп жазады академик – өзінің күш-қуатын ақшамен немесе әскери күшпен еселей алмайды. Мемлекеттің мерейін мәдениет пен әдебиет қана тасытады! Мәдениет пен әдебиеттің даму деңгейі – ұлттық қауіпсіздіктің басты өлшемі  – осы"  – дейді орыс оқымыстысы.


Орыстар – ой үстінде. Ал, біз қашан ойланамыз осы?!


Ағылшын суретшісі Джимми Нельсон таяуда жер бетінен із-түзсіз құрып кеткелі тұрған ұлт пен ұлыстардың суреттерін жариялады. Сонда чукша, ненецтермен қатар біздің қазақ та тұр! Алладан теріс айналса, ана тілін тәрк етіп, ұлттық әдебиетіне елінің ары мен ұяты, ожданы деп қарамаса, Алаштың да жер бетінен із-түзсіз жоғалып кетуі мүмкін?!


Қазақ тілі құрудың алдында тұр дейді ел... Бірақ, қазақ тілі дегеніміз, ең әуелі, – қазақ әдебиеті, ол да қараусыз қалды деген ой ешкімнің миына кіріп шығып жатқан жоқ... Орыс әдебиеті деген – Пушкин мен Толстой, Чехов пен Горький, Достаевский мен Вознесенский болса, қазақ әдебиеті – Абай мен Әуезов, Махамбет пен Мағжан, Қасым мен Мұқағали, Төлеген мен Фариза деген сөз! Қазақ әдебиеті тезге түспей, қазақ тілі хан тағына отыра алмайды!


Серик Аксункар

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2215    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.10.2019, 13:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30