Қожырайған қараша үйлер, сасыған әжетхана...
БІР ДӘРЕТХАНА - 15 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ. ҚОЛДАЙМЫН!!!
Өткенде отбасымызбен Көлсайға бардық. Табиғаттың сұлулығына көз тоймаса да көңіл қалып қайтты. Кәдімгі барахолқа, базар. Көлсайдың кінәсі жоқ қой, бірақ отыз жылда туризм кластері, ішкі туризм, анау-мынау деп әңгімені қиындатып жүріп бір Көлсайды игере алмаппыз ғой. Анау тұрақтың жоғары жағындағы қожырайған қараша үйлер, сасыған әжетхана тағы басқасын айтпағанның өзінде көл жағасында еш қауіпсіздік жоқ. Анау катамараннның құны Fly Arystan-ның билетінен қымбат. Үлкендермен бірге балаларды мінгізіп жібереді, бірақ оларға арналған бірде бір құтқару кеудешесі жоқ. Анау атына мінгеніңе, түскеніңе де ақша сұрайтын, сұрағанда да әкесінің құнын дәмететіндердің әрекеті тіптен жүйкеңе тиеді. Әрине, іргедегі ауыл халқы ақша табу керек, бірақ бәрін реттеу қажет. Бұлай болмайды. Көл жағасындағы дарақылықта тіптен шек жоқ. Анау туристік полицияны алаңға иіріп қоймай, алты ай жазда сол Көлсайға алып бару керек екен деген ой түйдім. Тізе берсе мәселе көп. Айтайын дегенім, дәретханаға 15 миллион теңге депті. Егер сол қаржы тура жұмсалса, сол ақшаға татитын туалет салынса құптаймын. Қайда кетпей жатқан ақша, десе де Көлсайдан аяп қалатын қаржы емес.
Мақсат Рамазан
Фейсбуктегі парақшасынан