Тіл - тас жарады...

Көп балалы отбасылар мен мүгедектер баспанаға қолдары жетпей сарғая күтіп жүр

  • Көп балалы отбасылар мен мүгедектер баспанаға қолдары жетпей сарғая күтіп жүр

    Көп балалы отбасылар мен мүгедектер баспанаға қолдары жетпей сарғая күтіп жүр

Ахметбек Нұрсиланың баспанасыз қазақты адам деп санамаймын деген сөзін халқым таласа талқылап жатыр екен. Кейбіреулер осы сөзі үшін Ахметбек ағамызды жерден алып жерге салып, қарғап-сілеп, сонау совет өкіметі кезінде қытайдан көшіп келген әкесіне дейін айыптап жатса, екінші бір топ оның үйсіз-күйсіз, жұмыссыз сандалып жүрген қазақ жастарының намысына қамшы басу үшін айтқан сөзі екенін дәлел қылып дауласып бағуда.
Жарайды, 30 жасқа-40 жасқа дейін баспанасыз жүрген қазақты адам қатарына санамаймын деген екен. Соған бола шабына шоқ түскендей шала бүлініп не жетті?
Пәтер жалдап тұрған кезіңізді есіңізге түсіріңізшы. Пәтер иесі сізді адам деп санады ма? Пәтердің ақысын кешіктіріп, төлеуге мұршаңыз келмей жатса, сол пәтердің иесі "бұл да бір адам ғой" деп сізге кешіріммен қарайды ма? Әрине жоқ.
Тіпті көршілеріңізге дейін "квартиранттар ғой" деп онша-мұнша жақын араласа қоймайтыны өтірік пе?

Туыстарыңызға қараңызшы? Кейбірінің сізге пәтер сатып алып беретін де жағдайы бар. Ал бірақ сіз бала-шағаңызбен баспанасыз жүрсіз. Сізді адам ғой деп қарайтын болса, сол туыстарыңыз бен достарыңыз жиналып "мынау адам ғой" деп сізге неге баспана алып бермейді екен?
Қаншама көп балалы отбасылар мен мүгедектер бір баспанаға қолдары жетпей кезектерін сарғая күтіп жүр. Көптеген жас отбасылар құжаттарын жинап, табыстарын растап, банктерді жағалап, біреулерді ағалап әйтеуір бір жолын тауып баспаналы болып жатыр.
Өкініше орай 40-қа келгенше жастықтың буынан шыға алмай, бар тапқанын ойын сауықпен қыдыруға шашып, депозитке бір тиын да ақша салмай, тым болмаса жер алып 4 бөлмелі бір там тұрғызып алуға да шамасы келмеген адамдар бар. Ахметбек аға осындайларды меңзесе керек.
Керісінше мектеп бітіре сала оқу мен еңбекті қатар алып жүріп, ішіп-жемінен артылған тиын тебенін жинастырып, 25 жасқа дейін баспаналы болған жастарды да көріп жүрміз.


Ермек Құрманғалитегі
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2461    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.05.2020, 11:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31