Тіл - тас жарады...

Көп нәрсені жанашырлықпен емес, көзбояушылықпен жасайтынымыз жаман да...

  • Көп нәрсені жанашырлықпен емес, көзбояушылықпен жасайтынымыз жаман да...

    Көп нәрсені жанашырлықпен емес, көзбояушылықпен жасайтынымыз жаман да...

..."Көшеге дезинфекция емес, жай су сеуіп жүрсіңдер" деп солдаттарға тап берген әйелдің сөзінде шындық бар ма деймін (ғаламторды шарлап жүрген видеоны айтамын). Біздікілер сол дезинфекцияға бөлген ақшаны да жоқ қылған шығар талан-таражға салып. Айтайын дегенім, санитариялық талап бойынша қазір барлық мекеме, сауда орталықтары, дүкендер, жабық ғимараттар кіреберісіне санитайзер орнатты. Алғашында бәрі керемет сияқты болған. Бірақ соңғы кезде қоғамдық орындарда орнатылған антисептиктердің көбі анау әйел айтқандай, жай суға айналып кеткен сияқты.
Менің ұғымымда дезинфекция жасауға арналған ерітіндінің өзіне тән иісі болады, ол этил, изопропил спиртінен жасалса да біз оның өткір иісін сезуге тиіспіз. Ал көпшілік орындардағы санитайзерлер "подделка" болып кеткен бе, ешқандай иісі жоқ, қолыңды жай сумен шайып алғандай әсерде боласың). Әлде "жұрттың көбі қазір коронавирус, иіс сезбейді" деп қоя сала ма? Кейбіреуі тіпті сабынды суға езіп қоя салатын сияқты,бірақ оған да шүкір, сабын да вирусты жояды ғой. Оның өзі бітіп қалатын болыпты, дозаторлары көбіне құр тұрады)). Не де болса санитайзерлерге сандәрігерлердің қатаң бақылауы керек-ақ.
Көп нәрсені жанашырлықпен емес, көзбояушылықпен жасайтынымыз жаман да... Сондықтан көпшілік жердегі антисептикке сенбей, өз антисептиктеріңізді ала жүріңіздер.

 

Қымбат Тоқтамұрат
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 656    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.07.2020, 10:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31