Тіл - тас жарады...

ҚОРҚАУЛАР МАЛЫМЫЗДЫ ДА, ЖАНЫМЫЗДЫ ДА ТАЛАП ЖАТЫР

  • ҚОРҚАУЛАР МАЛЫМЫЗДЫ ДА, ЖАНЫМЫЗДЫ ДА ТАЛАП ЖАТЫР

    ҚОРҚАУЛАР МАЛЫМЫЗДЫ ДА, ЖАНЫМЫЗДЫ ДА ТАЛАП ЖАТЫР

Бір байдың мыңғырған малы, екі төбеті болады. Екі төбеті аймақтың басқа иттерін қан қақсатады деген аты шығып, ел аузында аңызға айналыпты. Сол төбеттің бірін бай үйіне келген бойда төрде ілулі тұрған мылтықты ала сала атып тастайды. Екіншісін де атқалы мылтықты оқтап жатқанда қатыны, бала-шағасы бәрі жабылып, аттырмай аман алып қалады. Сондағы, байдың ашуына тиген оқиға былай болыпты...

 

Бай бір қырдың басында төңіректі шалып тұрса, алдындағы қырдың астынан бір шаң шығады. Сол-ақ екен соңына ілесіп жүрген екі төбеті ат бауырына кіріп, қыңсылап жата қалады. Байқап қараса, жаңағы шаңды шығарып келе жатқан бір көкжал қасқыр екен. Ол бұларға тіке беттеп, қарсы шауып келеді. Содан екі төбет ығып тығылып қалады. Бірақ көкжал қасқыр аттылы байдың қасынан тілі салақтап, жанұшыра өте шығады. Сөйтсе, артында оны жаналқымға алып, бір дүрек (тазы мен төбеттен туған, дүрегей деп те айтады) тазы қуып келеді екен. Ал әлгі байдың екі төбеті сол қасқырдан қорқып, кіретін ін таппай, ат бауырына тығылғанымен, артында қуып келе жатқан дүректі жабылып талай бастайды. Қасқыр құтылып ол кетеді. Ал дүрегей тазы сол жерде екі төбеттің шеңгелді тырнағынан құтыла алмай, азулы төбеттер оны алқымнан алып, қан жоса қылып өлтіреді. Төбеттер байдың арашасына да пысқырмайды.

 

Түйін: Бізде де небір ит-құсқа, қорқауларға қарсы тұрар ел қорыған тазы бар. Бірақ соларды бағалай алмай, ішіміздегі иттерге талатып қойып қарап тұрамыз. Ал қорқаулар малымызды да, жанымызды да талап жатыр…

 

Айдос Жұқанұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 4954    Пікірлер: 0

сенбі, 14.08.2021, 22:35

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Сәуір, 17:01
    ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ – ХАОС
    23 Ақпан, 09:09
    Біз кімбіз, сонда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30