Тіл - тас жарады...

Коррупцияға белшесінен батқан жағымпаз ұлт кімді мәдениетіне, тіліне қызықтыра алады?

  • Коррупцияға белшесінен батқан жағымпаз ұлт кімді мәдениетіне, тіліне қызықтыра алады?

    Коррупцияға белшесінен батқан жағымпаз ұлт кімді мәдениетіне, тіліне қызықтыра алады?

Ұлт жайлы теорияларды жанама түрде болса да түсіндіретін ғылыми еңбектерден ұққаным мынау:

Ұлт - сапалық ұғым. Яғни ұлтты ұлт ретінде анықтайтын дүниелер оның ұлы мұратқа, әділдік, теңдік секілді идеяларға ұмтылысымен, әділетсіздікке жұмыла қарсы тұруымен, өркениетті идеалдар үшін күресумен өлшенеді. Тілдік және мәдени ұлтшылдық авторитарлы болсын, демократиялық болсын жүйеде коммуникациялық функция атқарады, ұлттың бірегейлік сипатын қалыптайды, бірақ сапалық негізін толтыру үшін, яғни толыққанды ұлт ретінде бет-бейнесін табуы үшін жаңағы айтқан әділдік салтанат құратын қоғамға ұмтылуы тиіс. Әйтпесе ұлт тобырға айналып кетеді. Еуропада баспа өндірісімен, газет-журналдардың кең тарауымен азаматтық қоғам қалыптасты. Кофеханалардағы дискуссиялардан ышқына шыққан үндер ұлғая келе зор дауысқа айналды. Мемлекет санасатын, талқылап шешім қабылдайтын күшке айналды. Биліктің әр сатысында сайланбалы жүйе құрылды. Сол арқылы әр азамат мемлекет ісіне араласаушы, талап қоюшы әрі жауапкершілік арқалаушы субъектіге айналды. Бір-бірінен тәуелсіз билік тармақтары да азаматтық қоғам мүддесін басты назарда ұстайтын тетік ретінде дүниеге келді. Ал дін мен әсіреұлтшылдықты құрал ретінде пайдаланатын популистерге алданған кезде жаңағы ұлттың сапасын анықтайтын әділдік, теңдік, азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтары кейінге ысырылып ұлт тобырға айналады. Осының бәрі орнына түссе тілің мен мәдениетің ұлт ретіндегі көркіңе сән кіргізеді. Әйтпесе, коррупцияға белшесінен батқан, жемқорлық пен әділетсіздікті әдетіне айналдырған, жағымпаз ұлт кімді мәдениетіне, тіліне қызықтыра алады? Бұлай ұсақталған ұлт қандай мәдени құндылық өндіре алады? Ондай елден бірінші болып сол халықтың өзі қаша бастайды да, басқа елдің азаматы болуға барын салады. Яғни, сапасыз ұлттан әділдік деген сапаға қарай сапар шегеді.


Ортақ жау мен ортақ қасірет те ұлттық бірегейлікті қалыптастыратын фактор ретінде ХХ ғасыр басындағы теорияларда көп айтылатын. (Р. Генон) Бірақ сапалық сатыға жеткізетін дүние емес.


Біздің қоғам осы сапалы ұлт болудың негізгі шартына қарай ұмтылып жатқандай көрінеді соңғы кездері. Соған куә болып өмір сүрген, араласқан, үлесіңді қосқаннан артық мән жоқ шығар бұл өмірде.


Асылтай Тасболат

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1903    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.05.2019, 12:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31