Тіл - тас жарады...

Көше сөйлесе еліміздің шаңырағы шайқалып кетуі ықтимал...

  • Көше сөйлесе еліміздің шаңырағы шайқалып кетуі ықтимал...

    Көше сөйлесе еліміздің шаңырағы шайқалып кетуі ықтимал...

Бізге оппозиция қажет.


Елімізде қоғамдық- саяси, әлеуметтік- экономикалық жағдай күрделеніп келеді.
Халықтың жағдайы қиындап, әлеуметтік деңгейі төмендеуде.

Жақын арада, азаматтардың күн-көрісі мүлдемге тұралап қалуы ықтимал.
Пандемия елімізде кадр саясатының жұмыс істемейтіндігін, өз халқымен сөйлесуге қабілетті, өзінің ойын азаматтарға жеткізе алатын кадрлардың тапшы екенін көрсетіп берді.
Бұл еліміздегі саяси бәсекелестіктің жоқтығының салдары.
Адамдар ойын еркін жеткізе алатын, сындарлы сын айтуға қабілетті, пікірлер плюрализмі қалыптасқан қоғамда ғана жаңа тұрпаттағы еліміздің тағдырын қолына алуға қабілетті кадрлар пайда болады.
Яғни, саяси бәсекелестік, күнделікті дискуссия ел дамуының өзегі.
Бүгінде, саяси процесстің "өңеші" бітеліп тұр.
Бізге сол өңешті ашу керек.
Шындық айтылмайтын, саяси пікір тұмшыланатын, бәсекелестік жоқ қоғамның жан- дүниесі борси бастайды.
Қоғамда әртүрлі катаклизмдер пайда болады. Біз, өкінішке орай, осы жағдайда түрмыз.
Не істеу керек?
Оппозиция еліміздің дамуының факторы екендігін мойындау керек.
Пікірлер алуандығы қоғамдық дамуға серпіліс беретін фактор.
Парламентке, жергілікті Маслихаттарға көкірегі ояу, принципті позициясы бар, жаңа буын өкілдері келуі керек. Ұрпақтар сабақтастығы дегеніміз осы.
Парламенте еліміздің саяси палитрасының барлық өкілдері отыруы керек.
Қақтығыс, саяси полемика, пікірлер сүзісуі Парламенте, Маслихаттарда болуы керек. Әйтпесе көше сөйлейді. Көше сөйлесе еліміздің шаңырағы шайқалып кетуі ықтимал. Мәселе эволюция мен революцияда болып тұр.
Революция болмауы үшін, билік саяси реформаға барып, барша пікір палитрасын Парламентке келуге жағдай жасауы керек.
"Тасты лақтыратын, тасты жыйатын" кезең болады.
Қазір, тасты жыйатын кезеңде тұрмыз.
"Жүз гүл гүлдесін" принципі дегеніміз осы.
Сол принци орындалса, еліміз жаңа саяси формаға бейбіт түрде өтеді.
Әйтпесе, жағдай насырға шабады...
Парадокс. Мемлекеттің қауіпсіздігі үшін оппозиция қажет.

 

Erlan Sairov
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 854    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.07.2020, 10:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31