Көзбояу үшін ертең қайта туындайтын мәселені емес, нақты проблеманы шешкен дұрыс
Тұрмыстық кредитті кешіруді түбегейлі қолдамаймын. Өйткені, ол ақылға қонбайтын (оның ішінде менің ақылыма) нәрсе.
Себебі, несиені әркім әртүрлі пайдаланады. 600 мың теңгеге айфон, 6-7 млнға сәнді машина алғандарды білемін. (Жалақысы асып-тасып жатпаса да)
Несиені өтеу еш мәселені шешпейді.
Қазір одан маңызды мәселе - баспана. Ең кемі соңғы бір жылда пәтер жалдап келе жатқандарға сол пәтерін үкімет нарықтағы орташа бағасымен сатып алып берсін. Ипотекадағылардың қалған қарызын кешірсін. Сонда баспана мәселесі бір күнде шешіледі. (Кредитті амалсыз алатындар да сол пәтер жалдап жүргендер ғой. Бұл жерде көздің цветін анықтап, әсірелемей-ақ қояйын)) Ал, бірнеше пәтерін жалға беріп, шырт түкіріп жатқандар қаржысын басқа кәсіпке салатыны анық.
P.S. Бұны еш экономикалық негізге сүйеніп жазған жоқпын. Бірақ, босада "жаудан түк тартсаң да пайда" принципіне көшкен екенбіз, үкімет әлеуметтің ыңғайына көне қалса, көзбояу үшін ертең қайта туындайтын мәселені емес, нақты бір проблеманы шешкен дұрыс.
Абылай Мауданов
Фейсбуктегі парақшасынан