Тіл - тас жарады...

Креслоңнан қорқып шындықты айта алмасаң, үлкен мінбеге шыққанда не тындырамын дейсің

  • Креслоңнан қорқып шындықты айта алмасаң, үлкен мінбеге шыққанда не тындырамын дейсің

    Креслоңнан қорқып шындықты айта алмасаң, үлкен мінбеге шыққанда не тындырамын дейсің

Праймеризге қатыспақ болып бақ сынап, өзін ұсынбақ болып жүрген таныс жігіт хабарласты. Екеуміз ұзақ әңгімелестік. Өзі осы мемлекеттік қызметтің бір шетінде қызмет істеп, еңбек етіп жүрген кішігірім бастықтардың бірі еді.
- Праймеризге не мақсатпен қатысқалы жатырсың?
- Шынымды айтсам биліктегілерге өкпелімін. Қаншама мәселені шешіп, қырып-жойып істеп жатсам да,билікке адал қызмет етіп жүрсем де қарай өсірмей қойды. Үнемі жолымды кеседі. Қалалық маслихатқа, облыстық маслихатқа депутат болып, кадр резервында тұрып ары қарай өсейін, бір жерде омалып отыра беремін бе? Жақсы қызметтерге бірнеше рет сұрандым, өткізбеді.
- Жоғары жаққа өсудегі мақсатың не? Халықтың, ел-жұрттың мәселесінің жоқтап, шешілуіне көмегің тиеді деп ойлайсың ба?

- Әрине, жоғары қызметке барсам халықтың мәселесін шешумен айналысамын ғой.
- Жарайды, қазір де өзің аймағыңдағы биліктен тым алыс жүрген жоқсың ғой. Жастар саясаты да, үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстары да өз қолыңнан өтті. Жұмыссыз жүрген жас мамандар, жатақханаға орналаса алмай пәтер жалдап жүрген студенттер, бастығының қысымынан жұмыстан қуылған мамандар, үйсіз жүрген жас отбасылар т.б мәселелердің барлығы да көз алдыңда көп қой. Солардың мәселелерінің оң шешім табылуына неге шырылдап жүгірмедің?
- Ондай мәселелерге көп араластым ғой.....
- Шынымды айтсам бір адамның, ауылдың, елдің мәселесін көтеріп, халықтың үніне ашық үн қосқан дауысыңды естімедім. Әлеуметтік желідегі парақшаңды да түгел сүзіп шықтым. Барлығы да атқарушы биліктің, партияның жиын-жиналыстарына қатысқан суреттерің, флешмоб т.б. Айналаңдағы қаншама әділетсіздікті көріп-біліп, соның ішінде жүріп, тым болмаса әлеуметтік желіде неге көтермедің?
- Ереке, бұндай мәселелерді әлеуметтік желіде көтеріп шулатар болсам, онда мына қызметімде бір күнде де тұрғызбас еді ғой.
- Жарайды, ұлкен саясаттың кішкентай қызметінің құлағын ұстап тұрған шағыңда, креслоңнан қорқып мәселені көтеріп, шындықты шырылдатып айта алмасаң, үлкен мінбеге шыққанда не тындырамын дейсің... досым-ау...

 

Ермек Құрманғалитегі
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2575    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.08.2020, 13:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30