Тіл - тас жарады...

Кісі өлімі үстінде күлкіге қалған біздің шенділер жайлы естісе жағасын ұстайтыны анық

  • Кісі өлімі үстінде күлкіге қалған біздің шенділер жайлы естісе жағасын ұстайтыны анық

    Кісі өлімі үстінде күлкіге қалған біздің шенділер жайлы естісе жағасын ұстайтыны анық

Баяғыда бірнеше жөйіт желпінеді: әй, осы думандатпағанымызға көп болды, бәріміз арақ алып, ортақ ыдысқа құйып, ожаумен көсіп ішіп, бір тойлайықшы, - десіпті. Содан әрқайсы бір шишадан әкелетін болып келіседі. Мойша үйіне келіп ақша сұраса Сарасы: Өй, ақымақ, бір шиша су апара сал, ортақ ыдысқа құясың да жібересің, басқаның арағына араласып кеткен соң ешкім сезбей қалады, - деп сыбырлай қояды. Мына ақыл Мойшаға ұнап, қатынның тілін алады. Сөйтеді. Еркектер кәстрөлге арақтарын құйып жатқанда жорта дабырлап өзінікін қосып жібереді. Изя жаңағыны қымыздай сапырып, шөмішті Мойшаға ұсынады. Исаак тіскебасар әзірлейді. Қызық әңгіме бастау үшін қызып алу керек қой, басқалары үздіктірмей тездет дегендей жұтына қарайды. Мойша көзді жұмып сіміреді де... күліп жібереді. Шөміштегі су екен...

Шымкенттегі дәрі орнына су шашқан оқиғадан кейін бізде де анекдотқа бергісіз оқиғалар болып жатқанын түсіндік. Бірақ той үстінде күлкі болған Мойшалар кісі өлімі үстінде күлкіге қалған біздің шенділер жайлы естісе жағасын ұстайтыны анық.

 

Serik Abikenuly
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2660    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.07.2020, 10:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31