Тіл - тас жарады...

Кішкентайынан оңай олжаға, атаққа үйренген бала есейгенде кім болады?

  • Кішкентайынан оңай олжаға, атаққа үйренген бала есейгенде кім болады?

    Кішкентайынан оңай олжаға, атаққа үйренген бала есейгенде кім болады?

БАЛАҒА АТАҚТЫ САТЫП АЛМАҢЫЗДАРШЫ!


Осындай байқаудың мың-миллионы "Ұланның" поштасына келеді. Мынаны уатсаптан жіберген. Ата-ана баласын қатыстырып, алғыс хат əпергісі келеді. Жаңа Төреғали Тәшенов ағаның постын көріп, тағы да давлением көтеріліп кетті. Ол кісі атаққұмар мұғалімдерге күйініпті. 


Ал мені балаларды атаққұмарлыққа тəрбиелейтін ата-ана күйдіреді. Көп ата-ана баласы бірдеңе білсін, болашағына қажет болар ақпарат алсын демейді. Оларға баласының АЛҒЫС ХАТ алғаны маңызды. Баланы кішкентайынан атаққұмарлыққа үйретіп не керек?! Алғыс хат əперу үшін 1000 теңгені лақтыра салу түк емес. 1000 теңге бер жағы, бұдан да көп сұрайтындар бар. Егер балаңызға "Ұлан" газетін жаздырырып беріңізші десең, қымбатсынады. 2700 теңге оларға КӨӨӨП ақша, ал мынадай байқауларға қатысып, АТАҚ АЛУ үшін қайда кетпей жатқан ақша. Кеше редакцияға бір мұғалім хабарласып, əбден қанымызды ішті. 4-5 рет қоңырау шалды. "Ұланға" оқушының материалын шығару керек екен. (Мұғаліміне аттестациядан өтуге керек). Газеттің поштасына жіберу керек екенін айттық. Бүкіл мəлімет газеттің соңында тұр. Газетті алмайды екен сөйтсек. Жазылмаған. Сосын газетіміздің киоскіде сатылмайтынын, тек жазылып қана ала алатынын, редакция үшін артық бір газет те шықпайтынын түсіндірдік. "Бір айға жазыла салсақ бола ма?" деді. Қанша жерден ренжісек те білдірмедік. "Апай, бізге балалардың материалдары шыққаны үшін бір тиын ақша төлемейсіздер. Бəрі ТЕГІН. Тек газетке жазылып қойыңыздар. Ішінде балаға да, ата-анаға да, мұғалімге де қажетті ақпарат бар",- деп əр хабарласқан оқырманға ерінбей түсіндіріп үйреніп қалғанбыз ғой. Бір айға жазылса, ары қарай оқып, тағы да жазылар дедік. Газетке жазылып, поштамызға материалын жіберіп қоюын сыпайы өтіндік. Поштамызды сұрады. Ежіктеп айттық. Ұқпайды. Гуглға сайттың атын теріп, сайттан поштаны алуға болатын вариант ұсындық. Жоқ, оны да ұқпайды. "Уатсап нөміріңізді беріңіз. Сол жерге жазам. Сосын сіз маған поштаны дұрыстап жазып жібересіз",- дейді. Суым қайнағанда да, қайнады. Білдірмедім. Жеке нөмірімді бере алмайтынымды сыпайы ескерттім. Төртінші ме, бесінші ме звондағанда телефонды Жұлдыз апай көтерді. Апай айтып-айтып тастады. Күн сайын осындай қаншама қоңырауға жауап береміз. Бəрінің айтатыны "материалды қаншаға шығарасыңдар?". Ойбай, ТЕГІН, ТЕГІН! Тек газетке жазылыңыздаршы! Мынадай АЛҒЫС ХАТТЫ да ТЕГІН береміз. Бірақ ол үшін бала ЕҢБЕКТЕНУ керек. Газетке хат жазсын, біреуге көмектесіп, ел сүйсінетін іс жасасын. Сонда ол бала АЛҒЫСҚА лайық! Ал мың теңгеден сатып алатын АЛҒЫС ХАТТЫҢ құны бар ма? Кішкентайынан оңай олжаға, атаққа үйренген бала есейгенде кім болады?



Жадыра Нармаханова

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 1295    Пікірлер: 0

сенбі, 19.01.2019, 15:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31