Тіл - тас жарады...

Күресушілер даму мен азаттыққа, ал бас июшілер құлдық пен азапқа лайық

  • Күресушілер даму мен азаттыққа, ал бас июшілер құлдық пен азапқа лайық

    Күресушілер даму мен азаттыққа, ал бас июшілер құлдық пен азапқа лайық

Осындағы біраз адам Лукашенконы жаппай мақтап, Тихановскаяны жерге тығып жатыр. Солардың көбісі біздің билігіміз қандай жоба ұсынса да, жақсы я піспегеніне қарамастан "о қандай керемет бастама", "мынаған тіпті Илон Масктың сұр сұйықтығы жетпейді, ал марқұм Стив Джобс үш жүз мәрте ұйықтаса да мынандай тамашаны түсінде көрмес еді" деп мақтайтын жандар. Бірақ не үшін қазір бұлар Тихановскаяны типа қаралап жатыр? Анығы кім үшін? Қай аудитория үшін?
Ақорыстар ол блогерлерді мүлде оқымайды. Жалпы оларды қазақ блогерлерінің посты түгелі, Қазақстанның өзі де қызықтырмайды. Бар ма, жоқ па бәрібір. Тихановская әлсіз екенін мойындаймын, президент болатын жан емес. Оны кешегі сұхбатынан көрдік, бірақ бұл Лукашенконы жаппай мақтап, арқасынан қағып, шапан жабатын жайт емес. Лукашенко тақта қалады, ол сөзсіз. Қала, қалама солай болады. Бірақ ақорыс халқы Тихановскаядан да, диктатор Лукашенкодан да жүз есе мықты, әділ әрі демократ басшыға лайық. Лайық екенін бір ауыздан көрсетіп жатқан үш күндік қарсылығынан көрдік, көзіміз жетті. Бір ауыздан көшеде тұрды, бір ауыздан сайлауға қатысты, бір ауыздан күш көрсетпей, жұмысқа шықпай қарсылық көрсетіп жатыр. Он, жүз, мың адам емес. Жүздеген мың адам. Ақорыстар күресуші ұлт екен, сөзсіз олар мынандай ұйымшылдық потенциалымен демократияның тамшысын татса, дамудың даңғыл жолына түскелі отыр. Себебі күресушілер даму мен азаттыққа, ал бас июшілер құлдық пен азапқа лайық. Қашанда солай болған.
Лукашенко халқына еңбегі сіңбеді емес, сіңді. Ауыл шаруашылығын дамытты, біраз кәсіпорындар ашты, Ресейді кенеше сорды, дотация алды. Бірақ ол осыларды бере отыра халқының еркін сөз айту, плюралистік ойлауын шектеді, бас көтергенді қудалады және ең жаманы 26 жыл уақытын алды. Екі мезгіл отырып, тыныш кетсе болар еді. Бірақ ол посткеңестік елдерге тән қасиет емес. Оны жақсы білеміз)
Ақорыстар ақымақ емес, олар Тихановскаяның әлсіз екенін көріп тұр. Көре тұра таңдады. Неге? Жауап бір. Олар оны таңдамады, олар Лукашенкоға қарсылықты таңдады. Бары осы.

Тихановскаяны жаманда, қарала, сөк, сына. Бірақ бір ақиқатты біл. Мында отырған мен де, сен де дәл сол әйел сияқты бір мезгіл болсын халықты ұйыстыра алмаймыз. Ол тарихта қалады, ал жазылған посттар ұмытылады. Ақиқат осы. Ақорыстағы сайлауды сынап, Лукашенконы мақтап, Тихановскаяны даттау арқылы қазақ қоғамына ым жасап жатқан посттардың мағынасын түсінбедік емес, жақсы түсініп отырмыз. Және іштей қарқылдап күлудеміз)

 

Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1875    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.08.2020, 10:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31