Тіл - тас жарады...

Қырғызстанда төңкеріс үшін төңкеріс жасалатын сияқты көрінеді кейде

  • Қырғызстанда төңкеріс үшін төңкеріс жасалатын сияқты көрінеді кейде

    Қырғызстанда төңкеріс үшін төңкеріс жасалатын сияқты көрінеді кейде

Бұл постты оқып, мені балағаттап, президентіміз сияқты сөгіп-сөгіп тастайтындарыңды білем. Сонда да жаздым. Бекболатша қолдау да, қарғау да өз еріктеріңде.
Қырғызстан бойынша сарапшы емеспін. Ел білетін географиялық орналасуы, экономика және саяси мәліметтерді ғана білемін. Ұсақ-түйек қой сол.
Жалпы Орталық Азия мықты реформаға ауадай зәру ғой. Бес елді алып қарасақ та, мәселелер бір. Жемқорлық, жұмыссыздық, баспана мәселесі, сапасыз медицина мен нашар экономика, төменгі жалақы. Бесеуі жетістікке жеткендерін білу үшін бір-бірімен салыстырып, халқын соған сендіріп әлек. Ал шынайы өркендеген Еуропа мен өзге де даңқты елдер алдында кедейліктің шаңына қақалып өледі.
Қырғызстанда бақандай үш бірдей революция болды. Кешегіні де қоса салайын. Сол революциялардан кейін қандай өзгерістер орын алды?
Мысалы Орталық Азиядағы премьер-министрлардың ауысуын алып қарайық. Үкіметбасы жалпы елдегі экономикалық, саяси бағдарламалардың атқарылуына тікелей жауапты. 30 жылдың ішінде Қазақстанда 11, Өзбекстанда 5, Түркіменстанда 1, Тәжікстанда 8, Қырғызстанда 31 премьер министр ауысыпты. 31 премьер! Сонда әр 11 ай сайын бір премьердан келеді. Қолғапша ауыстырды деген осы болса керек. Менің ойымша бұл тым көп. Өйткені премьер ауысқан сайын бұрынғы реформалар мен бағдарламалардың сапалы іске асуы мәселесі туындайды. Тіпті аспай қалуы да мүмкін. Сондықтан премьерді не Өзбекстан секілді 5-6 жылда бір ауыстыру керек (орта есеппен, Мирзиеев ең ұзақ отырды) не мүлде Түркіменстан сияқты оны жойып, өзің президент-премьер болу керексің(қалжың әрине). Әйтеуір сонда бағдарламалар іске асатынын көресің дегенім ғой. Шала болса да еліңе бірдеме жасап кетесің. Қырғызстан премьерлерді орындыққа отырғызып үлгермей, тұрғызып жіберіп, келесін әкеле жатады. Бұл жерде Үкіметтің сапасы мен жұмысы жайлы айтудың өзі артық шығар. Қазақстан да көп ауыстырды. Үш жыл сайын біреуден, менің ойымша бұл көп.
Қырғызстанда үш бірдей төңкеріс болды. Барлығында дерлік "жемқорлықты жою" ұраны айтылды. Яғни елді құртқан жемқорлық дейді. Өте дұрыс. Бірақ сол революциялардан кейін жемқорлық азайып кетті ма? Мысалы Грузия 2003 жылы әлемде коррупция бойынша 123-орынды иемденді. Жемқорлыққа батқан сорлы ел еді. Ал 2019 жылы коррупция бойынша 44-орын алды. Міне, төңкеріс шынайы нәтиже берген ел. Саакашвили 2003-те шынайы идеямен келіп, төңкеріс жасады. Яғни билікті ауыстырған соң не істейтінін, әр қадамын анық білген.
2003 жылы төңкеріске дейін Қырғызстан коррупция бойынша әлемде 118-орында тұрды. 2005 жылы Ақаевты аттан құлатқан сәтте Қырғызстан әлемде коррупция бойынша 130-орында болды. 2010 жылы Бакиевтың бағы тайып, келесі төңкеріс болғанда Қырғызстан коррупция бойынша әлемде қаншасыншы орында болғанын таппадым, бірақ шамамен 130-145 орында тұрған болар. 2020 жылы 126-орында тұр. Яғни олар жемқорлықты жоймақ түгелі, төңкеріске дейінгі көрсеткішке жеткен жоқ. «Жемқорлықты жою» ұраны халықты алаңға шығарудың бір жолы ғана болды ма деп қаламын. Грузиядағы сынды нәтиже болмады.
Қырғызстанда төңкеріс үшін төңкеріс жасалатын сияқты көрінеді кейде. Қырғыз халқы рухты, намысты. Бірақ нақты лидер, тура бағдарлама жоқ сияқты. Сол себепті де нәтиже жоқ-ау. Кландар тартысында қарапайым халық зардап шегетіні жаман. Президент оңтүстіктен болса, солтүстік алып тастап, солтүстіктен болса, оңтүстік төңкеріп тастай бермей, мықты бір лидер, мықты бағдарламамен келсе, Қырғыз Елі дамитын еді. Бауырлас елге өсу мен даму тілеймін. Тағы да саяси ойынның құрбаны болып кетпесе екен деген тілек.
ПыСы: Біз коррупция бойынша әлемде 113-орында тұрмыз. Жағдайымыз мәз емес.

Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1530    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.10.2020, 09:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31