Тіл - тас жарады...

Қытайдадағы 2 миллионнан астам қазақтың оқу жасындағы өспірім балаларын шақырту керек

  • Қытайдадағы 2 миллионнан астам қазақтың оқу жасындағы өспірім балаларын шақырту керек

    Қытайдадағы 2 миллионнан астам қазақтың оқу жасындағы өспірім балаларын шақырту керек

Осы атауда тұрған не бар дейді өз ойым. Оралман екенімді 15 жылдың алдында-ақ мойындап қойғанмын. Мен түгілі оралғанына жарты ғасырдан асқан Жәркен Бөдеш көкем де әлі күнгі "оралман". Елге келіп мәдениетке, орта және шағын бизнеске үлес қосып жатқан да сол "Оралмандар".

Әбден жұрт санасына сіңіп, "қалыптасып" кеткен бұл термин енді балталасаң да бұзылмасы анық.

Кез-келген таксиге отырып, тап-таза қазақы тілде сөйлеп отырсаң саған қарап ешкім де қандасымбысың демейді, "Оралмансың ба" дейді бірден. Және оны ешбір шетке қағу немесе кемсітумен айтпайды. Жылы көзқараспен, шұбарланбаған тіліңе деген ырзалықпен айтады. Елу жылдан кейін де солай болып қала береді.

Мен басқа мәселе ұсынар едім. Қытайда қалып бара жатқан 2 миллионнан астам қазақтың оқу жасындағы өспірім балаларын шақырту керек. Университеттерге осы жағынан тапсырма берілсе ғой, шіркін. Дәл қазіргі күнде сол жақтағы бауырларын қалай шақырарын білмей жүрген адамдар көп. Қытайда жергілікті полиция мекемелері қазақтардың паспортын қолына ұстатпай отыр. Ал, университеттерден шақырту болған жағдайда паспорт бітіру, виза ашу мәселелері жеңілдейді екен. Шешілмей тұрған түйіннің бірі сол. Келген соң олар да өзіміздің мектеп оқушылары секілді конкурсқа қатысады. Қатыспаса да өз еркі. тек келсе болды. Оқу орындарына түссе оқиды, түспеген жағдайда да арғы бетке қайтып кетпей өз орынын өзі тауып кетер еді. (баяғыдай емес, бүгінде қайтып кетуге еш себеп жоқ) Ал бергі бетте ұрпағы қалған ата-ана арғы жақта аңырап қала алмайды. Көшудің қамына кіріседі. Ұрпақ ауған жаққа қарай сең өздігінен-ақ бұрылар еді.

Ал біздің белсенділер "Оралман" деген атаумен алысып әлек!


Қайсар Қауымбек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3173    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.09.2019, 12:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31