Қызмет, мансап, атақ, сыйлық үшін сатылып жүрміз!..
СОРЛЫ ЕКЕНБІЗ!..
Болмашы нәрсеге сатыламыз! Басқа басқа, арымызды, ұятымызды, намысымызды, сөзімізді сатамыз! Қалай оңамыз? Қалай ел боламыз?..
Түк түсінсем бұйырмасын!..
Кешегі елі мен халқы үшін бастарын бәйгеге тіккен Алаш арыстарын ойлап отырмын. Неткен жанкештілік?! Неткен ұлтынсүйгіштік?! Неткен адалдық?!
Қайран, елі мен жері үшін отқа түсіп, күйіп, жанып, өртеніп, сотталып, атылып кеткен ағалар!
Ал біз ұлттық мүддені, халықты күніміз үшін сатып жүрміз!
Қызмет, мансап, атақ, сыйлық үшін сатылып жүрміз!.. Халықтың сөзін сөйлегеннің орнына, биліктің шашпауын көтеріп жүрміз!..
Сорымыз да осы болып тұр!
Сорлы екенбіз ғой!