Тіл - тас жарады...

Латын әліпбиі биліктегі ығай мен сығайға бес тиынға да керегі жоқ екен...

  • Латын әліпбиі биліктегі ығай мен сығайға бес тиынға да керегі жоқ екен...

    Латын әліпбиі биліктегі ығай мен сығайға бес тиынға да керегі жоқ екен...

ОЙМАҚТАЙ ҒАНА ӨЗ ОЙЫМ...


Кирилицаның қожайыны саналатын орыс ұлтының хат танитын қарапайым мұжығынан бастап, ғұлама ғалымдарына дейін бір ғана кирилицамен жазып, кирилицамен ғана оқи алады. Ал, ұзақ жылдар орыстың боданында болып, тілінен де, дінінен де, басқа да ұлттық құндылықтарынан айырылудың аз-ақ алдында тұрған қазақ – кирилицамен қазақша оқып, қазақша жаза алады және орыс тілінде де солай... Яғни, бір алфавитпен екі тілді еркін меңгерген. Сонда, осы екі ұлттың қайсысының сауаты басым? Екі тілді меңгергені ме әлде бір тілде ғана оқып, жаза алатыны ма? Бұл – бір. Екінші – қазақ халқы латын әліпбиінен кирилицаға 1940-шы жылдары көшкен көрінеді. Осы уақытқа дейінгі 80 жылда қазақтың небір ғалымдары, ақын-жазушылары, қоғам қайраткерлері, жалпы тұтас ұлтымыз кімнен кем болды? Қазіргі таңда қазақтың кез келген ұлы да, қызы да кирилицамен екі тілде сауатты жазып, сауатты оқи алады. Осыдан артық қандай сауат, қандай білім керек, бұл қазаққа? «Латынға көшсек өзге түркітілдес елдермен тезірек әрі жеңіл түсінісіп кетеміз» дейді, қайсыбір білгіштеріміз. Мұның бәрі – сандырақ. Латынша жазылған кез келген сөзді ежіктеп оқу мен жазу бір бөлек те, оның мағынасын түсіну мүлдем бөлек дүние емес пе?


Сондықтан, кирилицамен екі тілде еркін оқып, жаза алатын қазаққа 80 жылға кері шегініп латынша қайтадан сауат ашудың қаншалықты қажеттілігі бар? Оның үстіне ол латын әліпбиі биліктегі ығай мен сығайға, орыстілді қазақтарға, сондай-ақ, еліміздегі өзге ұлт өкілдеріне бес тиынға да керегі жоқ екен...

Ондай әліпбидің бізге керегі бар ма?


Серік Құсанбаев

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 2646    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.11.2019, 15:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31