Мақсаттары айқын, мемлекеттік және ұлттық мүддеге қарсы. Аңсағандары сепаратизм
САТҚЫН САЙТТАР, СОЛТҮСТІК, СЕПАРАТИЗМ
Путиннің сөзінен кейін біз солтүстікті қазақыландырудың маңыздылығын тағы да түсіндік. Солтүстіктегі қазақтың үлесі орыстан аз. Бұл үлкен қауіп.
2014 жылы Қырымда біз әлемде экспансиялық саясатты ашық ұстанатын жабайы елдердің барына анық көз жеткіздік. Ортағасырлық біреудің жерін тартып алу әдісін көршілес Ресей қалай істеу керектігін көрсетті. Сол уақыттан бастап "Қырым сценарийі" деген ұғым пайда болды. Өкінішке орай ешқандай құжат, келісімшартты жабайы мемлекеттер ұстанбайтынын нақты түсіндік. Украинаға берілген гарантия, түкке тұрғысыз қоқыс болып қалды. Дәл сондай гарантияға бізде ие болған едік.
Сомен, Қырым сценарийін болдырмаудың бірден-бір жолы, солтүстікті қазаққа толтыру. Бұл өте маңызды. Арамызда Ресей саясатын жақтайтын, қолпаштап, қолдайтын сайттар жетерлік. Олар я Мәскеудің лақтырған сүйегін мүжиді, я ішкі құлдық санамен солардың саясатын қолдайды. Ондай сайттарды көбіне мынандай тақырыптарды жазады: "Солтүстікке көшкен қазақтар жұмыс таппай көшіп кетті", "Оңтүстіктен көшіп келген қазақ отбасы далада қалды", "Мемлекеттік бағдарламамен келгендерге баспана қайда?", "Орыс тілі білмеген қазақтар кері қайтуға ниетті" және т.б. Бұл сайттар қазаққа жаны ашитын, шындықты айтатын болып көрінуі мүмкін, бірақ олардың нағыз ойы қазақты солтүстікке көшірмеу, ол жақтағы орыс үлесінің басым болып қалуына барын салу.
Өткен жылы Өмір Шыныбекұлы ағамыз солтүстікке Арыс қаласының тұрғынын көшірген екен. 9 баласы бар Бексұлтан ағамыз солтүстікте жақсы өмір сүріп жатқан көрінеді. Өмір ағамыздың солтүстікке көшіру керектігі жайлы көптеген жазбалары шықты, әлі де шығып жүр. Маңызды мәселені көтеруде.
Солтүстікте тұмса табиғат аясында мал шаруашылығын дамытуға үлкен мүмкіндік бар. Жер көп, судан мәселе туындамайды, ал халық аз. Жыл сайын орыстар Ресейге 40-45 мың арасында кетіп жатыр. Оны орыс тілді басылымдар трагедия ретінде көрсетіп әлек. Кеткендері дұрыс, әркім өзінің тарихи отанына қайтқаны абзал ғой. Бізде тарихи отанымызға келген қандастарды солтүстікке қоныстандырсақ, бірер жылда үйреніп, кәсіп дөңгелетіп кететініне кәміл сенемін.
Павлодар мен Петропавлдың аты, солтүстікте қазақ саны артқанда өздігінен шешілетін мәселе. Алдымен агрессор Ресейдің құйтырқы саясатын болдырмау үшін, сол жақты қазақыландырып алайық.
ПыСы: Меслекеттік телеарналар арнайы бағдарлама ашып, солтүстікке барып, бақытты болған қазақтар жайлы сюжет көрсетіп тұрса, мүмкіндіктер жайлы айтса дұрыс болар еді. Оны жастарға қызықты форматта түсіру керек. Мен әрине ол жаққа барып, қиындық көрген жандардың бірен-саран болсын жоқ еместігін мойындаймын. Ондай олқылықтарды дереу мемлекет жөндеп отыруы тиіс, ал бағдарламаны іске асырушылар ұлтым деген адамдар болғаны дұрыс. Бастысы көш тоқтамасын.
Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан