Маралды бір жыр болды ғой

22 қыркүйек 2022, 16:33

Маралды бір жыр болды ғой. Қобыланды жырынан да ұзақ. Бұған дейін сан мәрте айтылып, жазылды да. Осы аптада қайта бұл мәселе айтыла бастады.

 

Бұған дейін екі мәселе айтылды. Біріншісі, халық алтын қазуға қарсы болды, экологияға зиян, инвестор келмесін деді. Екіншісі, инвестор наразы топпен кездесіп, мән-жайды талқылады, халық пен инвестор арасында біршама түсінік пайда бола бастағандай еді. Сосын бұл тақырып біраз уақытқа медианың тасасында қалды.

 

Осы аптада енді бұл тақырыпқа үшінші тарап қосылыпты. Ол жергілікті билік өкілдері екен. Олар жөн-жосықсыз тексеріс жүргізе береді дейді инвестор. Егер осылай жалғаса берсе, онда біз кетеміз дейді. Ал егер олар кетіп қалса, онда біраз адам жұмыссыз қалады. Қазір 130 адам жұмыс істеп жүр екен, алда олардың саны 500-ден асады дейді. Аспай қалуы да мүмкін, егер инвестор кетіп қалса.

 

Неге осы кез келген кәсіпорын ашылса, ол жұмыс істей бастаса, Қазақстанда тексеріп, тыныштық бермей кетеді? Ол донер сататын кішкентай дүңгіршектен бастап, алтын қазатын кәсіпорынға дейін солай. Сосын неге дамымайды дейді. Қайтып дамысын, дамылсыз тексере берсе)

 

 

Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан