Тіл - тас жарады...

Масканы алдын-ала сатып алғандар маскаларын өткізе алмай жүр

  • Масканы алдын-ала сатып алғандар маскаларын өткізе алмай жүр

    Масканы алдын-ала сатып алғандар маскаларын өткізе алмай жүр

Бүкіл Қазақстанда карантинге байланысты қалыпты өмір салты өзгергені белгілі. Алматы мен Астана оқшауланып жатыр. Бүгін Түркістанда базарда дауыс зорайтқыштармен "азық-түлік қымбаттатылмасын" деп хабарлап жатыр екен. Және қымбаттатқандарға мүлде сауда жасауға жолдарды жауып тастап жатыр. Масканы алдын-ала сатып алғандар маскаларын өткізе алмай жүр. Аптекаларға апарса "жауап беріп жүрер жайымыз жоқ, қымбат бағаларыңмен алмаймыз" деп қайтарып жіберіп жатыр. Ал халық мүлде алмай жатыр, не өздері тігіп алған, не кимеген (Түркістанда тыныш болуына байланысты). Заттарын қымбаттатқандар заттарын сату мүмкіндігінен қағылуда. Сабақ алғандары сол бұрынғы бағасымен сатып жатыр.

Үкіметтің қолында ғой бәрі, тек осы уақытқа дейін жауапсыздық танытып келгені болмаса...
Қанша өз еркі десек те, еш негізсіз ойларына келген бағаны айтып кеткендері орынсыз болды, өзімізде өндірілетін өнімдерге... Ал импорт долларға тәуелді болып тұр. Сондықтан, билік барлық өнімдерді өзімізде өндіруді қолға алып, өндіріс орындарын ашып, бар мүмкіндіктерімізді дұрыс пайдаланбаса, тұралағанның көкесі доллар көкеміз сәлем бермей кеткенде көреміз. Біздің сапасыз мұнайларды тегін берсе де алмайтын күйге түсуіміз ғажап емес. Сапасыз мұнаймыздың баррелі 25 доллар тұрған болса, әлемдік брендтерді 20-дан беруге мүмкіндігі жететінін айтып мұрнын шүйіріп отыр арабтар, тіпті 17-ге дейін түсіре алатынын айтыпты (кеше бір сайттан оқыған едім). Келер жылы ЕО ыдыраса, онда доллардың шаңын да көрмей қалуымыз мүмкін. КО пен ЕуразОдақтан шығу-кезек күттірмес мәселе болып тұр.

Ақерке Әбіштегі
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1489    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.03.2020, 11:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30