Маслихатқа депутат болған бизнесмендер жергілікті әкімнің сыбайласы болып шығады
Мынандай бір жәйт бар.
Біздің елде 216 Маслихат бар екен. 3000-ға тарта, әр-түрлі деңгейдегі, депутат бар. Енді қараңыз, осы 3000-ға тарта депутаттың 2% ғана 35-ке толмаған жастар.
Ол қай партиядан екені онша маңызды емес. Бізде қандай болсын партияның бір ауруы бар. Басшы органдарда егде адамдар және бизнесмендер.
Басқа, жас, қоғам белсендісі, мұғалім, дәрігер депутаттықта өте тапшы.
Өкінішке орай, Маслихатқа депутат болған бизнесмендер жергілікті әкімнің сыбайласы болып шығады. Бюджетті бірге мүжиді, айтқанынан қайтпайды, кез келген құжатты бекіте береді.
Осы шеңберді бұзу керек.
Барлық деңгейде жас, принципті позициясы бар, мемлекетшіл тұлғалар келуі тиіс.
216 Маслихатқа әрбіреуінде сондай бір-екі тұлғаның отырғанының өзінде жағдайдың өзгеретіні анық.
Бір ғана мысал, Нұр-Сұлтан қаласында, кем дегенде, бір принципті депутат болғанда биыл, пандемия кезінде, бюджеттен жол салуға 97- млрд тг бөлдірмейтін еді.
Аудан, қала, облыс бюджетін Маслихат депутаттары бекітетінін есте сақтау керек.
Erlan Sairov
Фейсбуктегі парақшасынан