Тіл - тас жарады...

Мектепті мұғалім мен оқушы еркін ойлайтын ортаға айналдыруымыз керек

  • Мектепті мұғалім мен оқушы еркін ойлайтын ортаға айналдыруымыз керек

    Мектепті мұғалім мен оқушы еркін ойлайтын ортаға айналдыруымыз керек

Кеше лентадан бір мұғалімнің комментке жазған пікірін оқып қалдым. Кабинетіме ремонт жасауым керек еді деп, әлгі жерде аһ ұрып отыр екен апайымыз. Тағы сол оқушылардан «жылу» жинап, оқу жылы басталғанша кабинетін жөндеп алмақшы ғой деймін. Мектептің өмірі жылда осы. Мектептің ішіне емес, орта білім беретін бүкіл жүйеге «ремонт» жасайтын, реформа жасайтын уақыт болды. Алдағы 2-3 жылда министрлікке істейтін жұмыс көп. Мектепті демократияландырмаса болмайды. Қазіргі мектеп – әлі сол сәветтік системадан асып кетпеген, болашаққа еш нәрсе ұсына алмай отырған «білім беретін» жүйе болып қалып отыр. Мектеп – екі сөздің басын құрап жаза алмайтын сауатсыздардың ортасына айналды. Директордың «деспотизмінен» құтқарып, мектепті мұғалім мен оқушы еркін ойлайтын, олардан тұлға жасап шығаратын ортаға айналдыруымыз керек. Мектеп ешқашан адамды керемет білімді қылып шығармайды. Оқушы мектептен сауатты жаза алатын, ойын қазақша жатық қылып жеткізе алатын адам болып шықса болды. Ол осындай трамплин секілді болуы керек. «Құдай бермеген білімді Сорбоннадан да алып шыға алмайсың» деген керемет сөз бар. Қанша жерден тырыссаң да, жоғарғы оқу орны да сенен мықты маман жасап шығара алмайды. Бұлақтың көзін ашқандағыдай адамның қабілетін ұштайтын, оны ынталандырып, болашаққа мотивация беретін орта – мектептің өзі болу керек!


Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2325    Пікірлер: 0

жұма, 29.05.2020, 20:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31