Тіл - тас жарады...

Мемлекет беретін көмекті алу үшін "бар" күйеуін, "жоқ" қып жіберген екен...

  • Мемлекет беретін көмекті алу үшін

    Мемлекет беретін көмекті алу үшін "бар" күйеуін, "жоқ" қып жіберген екен...

Өткенде бір кісінің үйіне барғамыз. Әңгіме арасында "42500 теңгені алдыңыз ба?" деп сұрап қалды біреу. "Жоға, құрсын! Оны неғылам?! Жазғам да жоқ. Шынымен жағдайы жоқтар алсыншы. Бізге не жоқ?!" деді. Мен аң-таң боп қарап қалыппын ғой. "Керегі жоқ" деген адамды бірінші рет көріп тұрмын. Оны айтып отырғаным, құжаттарды онлайн рәсімдеп көмектесетін бір жігітті білем. Сол айтады. "Маған 42500 теңгені рәсімдетуге келгендердің көбі жағдайы бар адамдар. Олар басқа құжаттарын жасап көмектесуімді, ЕЦП ключ ашып беруімді сұрап бұрын да келіп жүретін кісілер ғой. Бәрінің жеке кәсібі бар. Астында қымбат көліктері бар.Сарайдай үйлері бар" деген еді. "Сонда қалай?" деймін ғой. "Ол дүниелердің ешқайсысы өздерінің атында емес". Мәселен, бір әйелдің бір дәу джип мәшиесі 90 дағы әжесінің атында, жеңіл мәшинесі қартайып, қаусап отырған енесінің атында, үйі ауылда тұратын қайнысының атында, мәгәзіні тағы бір туысының атында екен. "Өз атында екі бөлмелі пәтері ғана бар. Заң жүзінде оған 42500 теңге положено" дейді. "Байдың асын байғұс қызғаныпты" деп сөкпеңіздер. Мемлекеттен беріліп жатқан көмек қой, кім алса да деп отырған шығарсыз. Рас. Менің айтпағым, соны да ала алмай қалғандар туралы еді ғой. Әлгі бір... адам басына көмек берілетін бір қалаймақан болды ғой. Сол кезде біз білетін кәдімгідей ауқатты бір келіншектің давным-давно "мать - одиночка" екенін естіп, шок болғамыз. Кәдімгі "бар" күйеуін, "жоқ" қып жіберген екен. Ажырасып. Құжат жүзінде ғой. Тіпті сондайлардың кесірінен несібемізден қағылған кез өз басымыздан да өтті ғой. Баяғыда радионың қызметкерлеріне үй беріледі екен деп біраз даурығып, список жасалған. Ол кезде жастаумыз ғой. Әлгі тізімде кім жоқ дейсіз?! Жағдайлары жәп-жақсы, Алматының қақ ортасында екі бірдей пәтері бар бір кісілер де "үйі жоқ, баспанасыздардың" тізіміне жазылып алды ғой. Демек...Солардың кесірінен бе әлгі үй ақыры берілмеді.((((( Ал енді керісінше, төрт-бес баласы бар, Алматыда не үй жоқ, не күй жоқ қаңғып жүргендер кезекке тұрайын десе, не болмаса басқадай бір жолмен үй алайын десе, не пропискасы жоқ, не құжаты дұрыс болмай шығады. Сөйтіп, шарасыз күй кешіп жүргендер қаншама?! Дәл осылай 42500 теңгеден қағылғандар толып жатыр. Ал енді алған үстіне алып, болған сайын бола бесе дейтіндерді кім деп атайтынын білмеймін мен((((((

Пы-сы: Айтпақшы, әлгі крантин кезінде ешқандай көмек алмаған, ала алмаған, тіпті әлгі "продуктовый пакетке" қол жеткізе алмаған екінші, үшінші топтағы мүгедектер бар. "Үйде отыра беріңіз. Өзіміз апарып береміз" деп уәде берген екен. Бірақ сол күйі ала алмапты. Бұған кім жауапты? Кім біледі? Оны да жолын тауып, жағдайы бар, он екі мүшесі сап- сау, "Тепсе темір үзетін" біреулер алып алған жоқ па екен?!


Жанар Оразымбет
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3003    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.06.2020, 11:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31