Мемлекет мектептен берілетін компьютерлер үшін 19 000 теңге ғана бөлген бе?
Мемлекет мектептен берілетін компьютерлер үшін 19 000 теңге ғана бөлген бе?
Алдыңғы күні «Шалқар» радиосынан оқу жылы мен мектеп мәселесіне қатысты бір бағдарламаға біреу телефон шалып:
«Мен таксист болып жұмыс істеймін. Өткенде Таугүлдегі бір мектепке компьютер жөндеп сататын жерден қаншама компьютер апарып бердім. Әлгілер жаңағы компьютерлерді ескі-құсқы компьютерлерден жинап-құрастырып, 19 000 теңгеге сатып жатыр екен. Сонда мемлекеттің бөлген қаржысына осындай компьютерлер алынып жатқаны ма?» – деп сұрақ қойды.
Демек, мемлекеттің қаржысын осылай «игеріп» жатқандар да бар деген сөз. Бұл мәселені анықтау керек. Халықтың салығын бұлай талан-таражға салып, қалтаға басудың түрлі қитұрқылықтарына жол берілмеуі керек деп ойлаймын...
Түсінбейсің, әйтеуір...
Салтан Сайранұлы
Фейсбуктегі парақшасынан