Тіл - тас жарады...

Мемлекетім маған көмек қолын соза алмағанына күйінемін

  • Мемлекетім маған көмек қолын соза алмағанына күйінемін

    Мемлекетім маған көмек қолын соза алмағанына күйінемін

Қызым Қазақстанда сирек кездесетін синдром - Шерешевский-Тернер дертімен ауырады. Біз негізі денсаулық сақтау министрлігінің ерекше назарында тұруымыз керек. Бірақ менің қызым жайлы Біртанов мырзаның білетінен күмәнім бар. Осы уақытқа дейін мемлекет тарапынан бірде бір тегін дәрі алып көрген жоқпыз. Сенесіздер ме?! 2-ші топтағы мүгедектігі үшін төленетін төлем 47 мың теңге. Кеше бір танысым мүгедектікті тағайындайтын медициналық сараптамада отырғандарға "рахметіңді" бере салып қолын майлағанда 1-группаға шығаратын еді" дегенде "бұл сұмдық" дедім. Бұл не мазақ! Нақ осындай 47 мың теңгені тағайындап отырған министрсымақтар сол 47 мыңмен бір аптаға да күн көрмейді. Олардың бір күндік кешкі астарының өзі 47 мың теңге болуы бек мүмкін. Алла бере салған 4 балам бар. Ешкімге бұлдамаймын. Бірақ сирек кездесетін дерті бар ерекше баланы өсіріп отырғаным үшін және көп балалы ана ретіндегі статусым үшін менің мемлекетім маған көмек қолын соза алмағанына күйінемін. Былтыр отандық медицинадан көресінді көріп жүргенімізді Біртановқа жазғанмын. Селт еткен министрді көрмедім. Алды да біздің жайымызды департаментке жолдады. Департамент дым да істеген жоқ. Сол беті олармен алысуға менде дәрмен қалмады. Ауру баланы бағасың ба, әлде медицинадағы марғаулармен алысасың ба?! Неге осы біздің елде осындай ерекше балалары бар отбасыларға барлық жағдай жасалмайды.Біздің барымызды да білмейтін, сезбейтін елде тұрып жатқаныма ашынам да осы елден кетіп қалғым келеді бар ғой. Әрі-беріден соң кейбір медиктердің алдына барсаң, "Синдром Шерешевский-Тернер" деп диагнозды айтсаң, көздері бақырайып ол не,-деп өзіңнен сұрайды бар ғой. Ал мұндай жағдайда қалай күйінбейсің?! Тап осы Біртанов мырза шақырса, талай былықты айтып беретін едім. Әттең, біздегі министр дегендер аспандағы Ай ғой. Сұхбаттасқың келсе де алдымен көмекшісіне, одан кеңесшісіне жүгініп есің шығады. Артынан сол сұхбатты сол екеуі жазып беріп құтылады. Бұлар халыққа жақында деген сайын алыстайтын сағым болудан шаршамайды әйтеуір.

Карлыгаш Зарыкхановна
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2222    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.12.2019, 11:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30