Мемлекетімізге мемлекеттік тіл керек пе өзі?
Мемлекеттік тілдің мәселесін мемлекеттің өзі мықтап қолға алмаса болмайды. Алматының Әуезов ауданында 189 балабақша бар екен де, соның бесеуі ғана қазақша, қалғаны түгел орыс балабақшасы екен. Біздегі қырғыздардың балалары орыс мектебінде оқитынын естігенде, былтыр қатты таңғалғанмын. Қазақ пен қырғыздың тілі де, дәстүрі де ұқсас қой. Сөйтсем, олар баласын қазақ болып кетпес үшін орыс мектебіне апарып береді екен. Қырғыздар ғана емес, еліміздегі басқа диаспоралар да, қазақтың өзі де әлі күнге дейін баласын орыс мектебіне апарып оқытады. Месхет түріктерінің 99 пайызы да баласын орыс мектебіне апарады. Ойлап қарап отырсаң, орыс мектебі - қоғамның бірігуіне, бір тілде сөйлеп кетуіне кедергі келтіріп тұрған жалғыз фактор екен. Дұңғандар да сөйтеді. Алматының аулаларындағы балалар түгел орысша шүлдірлеп жүр. Мемлекеттік тілді балабақшадан бастап тұншықтырып жатырмыз, тұншықтырып жатырмыз. Мемлекетімізге мемлекеттік тіл керек пе өзі?
Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан