Тіл - тас жарады...

Мемлекеттік қызметшілерді жау көріп, қызметке барса бөтен көріп кету белең алды

  • Мемлекеттік қызметшілерді жау көріп, қызметке барса бөтен көріп кету белең алды

    Мемлекеттік қызметшілерді жау көріп, қызметке барса бөтен көріп кету белең алды

Мемлекеттік қызметшілерді жау көріп, қызметке барса бөтен көріп кету белең алды. Жемқорлық пен шенеунікті синоним сияқты көру басым. Сөйте тұра жеккөрінішті боп неге мемлекеттік қызметшілерді қорғаймын?


Оның бірнеше себебі бар.


Біріншіден, мен мектепті ешкімнің сүйреуінсіз, өз біліміммен қызыл аттестатқа аяқтадым. Ешкім менің басымнан мұғалімнің баласы деп сипаған жоқ. Тіпті мамам сабақ берген жылдары бірінші боп менен тапсырманың орындалуын сұрайтын.


Екіншіден, Қазақ ұлттық университетінің саясаттану мамандығына грантты жеңіп алдым. Ақша сұрап гарантия берушілер көп болды, ондайларға бала жүрегім сенбей, әке-шешеме шамам келгенше тапсырып көретінімді айтқаным әлі есімде. Құдай қолдап, ұлттық университеттің саясаттану мамандығын бакалавр және магистратура бойынша қызыл дипломдармен тәмамдадым.


Үшіншіден, қанша жерде жұмыс істесем де ешқайсына ақша ұсынып, қызмет көрсету арқылы кірген емеспін. Керісінше, өмір кезіктірген жақсы адамдардан үнемі ұсыныстар түсіп тұрады. Оған да тәуба деймін.


Төртіншіден, балаларыма да осы принципті сіңдіргім келеді. Мысалы, мен БҚОда қызметте болғанда үлкенім мектепке барды. Атақты 11 мектептің емтиханын білместіктен өткізіп алыппыз. Жақсы мектепте оқығанын қалағандықтан кешіксек те директорына жолығып, "қосымша емтихан тапсыруға бола ма?",- деп сұрадық. Ол менің қандай қызметте жүргенімді білсе де, "жоқ" деді. Күшке салуға әбден болады. Бірақ, біз де ерегеспей, баланы қарапайым мектепке бердік. Ішімнен "түкпірдегі ауылдың "Октябрь" орта мектебін бітірсек те ешкімнен білім бойынша төменшіктеген кезіміз жоқ, баланың өзіне байланысты" деген тоқтамға келдім. Қалған екі баламыз да балабақшада өз кезектерімен барды.


Бесіншіден, ақпараттық салаға жауапты болған соң, осы саладағы көзкөрген азаматтардың көпшілігі "тендер берсеңші, біз де істейміз. Рахметі болады ғой" деген ұсыныстармен көп хабарласты. Олардың жұмысты артығымен атқаратынына күмәнім жоқ, бірақ бәрі заң аясында болу керек деген қағиданы ұстандым.


Алтыншыдан, жұмысқа орналастыруды өтініп, ақша ұсынғандар да болғанын айтқым келеді. Кадрлық ашық конкурс негізінде қабылданғанын құп көретінімді түсіндіремін. Дәл сол сияқты жер алуға қолғабыс сұрайтындар да болды. Барлығына бірден "жоқ" деп жауап бердім.


Бірақ, осы уақытқа дейін адал еңбексіз біреуден бір тиын алып көрмеппін. Күні-түні өзіңе жүктелген міндетті абыроймен орындауды ғана ойлайсың. Сондықтан да шығар мен кедей мемлекеттік қызметшімін. Бірақ ешкімге алақан жайып та отырған жоқпын. Оны өткенде Оралдан көшіріскен жігіттер айтты "кітаптарың мен портреттерің көп екен" деп.


Иә менде жағдай жасап алу деген арам ой ешқашан болмаған және қалған өмірімде болмайды да. Себебі жай өзіме тапсырылған міндеттен қателік кетсе, жеке басыма ғана емес, ата-анама, ұстаздарыма, басшылығыма, күні ертең балаларыма сөз келеді. Оны өте жақсы түсінемін. Міне, бұл - бір ғана мемлекеттік қызметшінің ұстанымы.


Сондықтан да мен мемлекеттік қызметшілердің бәрі жау деген қортық түсінікпен ешқашан келіспеймін. Әрине, адамдардың өскен ортасы мен алған тәлімі әртүрлі болғандықтан бес саусақ сияқты олар да бірдей болмайды. Жемқорлық ұшпаққа шығармайды. Сондықтан мемлекеттік қызметтегі үлкенді-кішілі әріптестерімді адалдыққа, ал мемқызметшілерді сынаушыларды салмақты ой түюге шақырамын.


Соңғы сәресі сіңімді болсын!


Жаркын Тусупбекулы

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 2477    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.06.2019, 14:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31