Тіл - тас жарады...

Мемлекеттік шекараның жалаңаштануы ең бірінші Тәуелсіздігіміз үшін қауіпті!

  • Мемлекеттік шекараның жалаңаштануы ең бірінші Тәуелсіздігіміз үшін қауіпті!

    Мемлекеттік шекараның жалаңаштануы ең бірінші Тәуелсіздігіміз үшін қауіпті!

Бүгін Шығыс Қазақстанда Марқакөл ауданын қайтадан құру жөнінде құрылған үкіметтік комиссияның мәжілісі, бұрынғы Марқакөл ауданының орталығы болған Теректі ауылында өтпек. "Ай даладағы ақ отаудай" иен қалған елді мекендердің халқы, ауданды қайта құру мәселесін облыс басшысына, Президентке өткір қойған болатын. Мемлекеттік шекараның жалаңаштануы ең бірінші Тәуелсіздігіміз үшін қауіпті! Жалпы шекара бойында орналасқан елді мекендерден ел үдере көшкелі 23 жыл болыпты. Көш әлі тоқтаған жоқ. Егер кезінде экономикалық жағдайларға байланысты ірілендірілген, шекара бойындағы аудандар қайтадан қалпына келтірілмесе бұл көш тоқтайтын емес. Бұл тұрғыда кеше ғана бөлініп шыққан Алматы облысындағы Нарынқол ауданын мысалға келтіруге болады. Бүгін Нарынқол ауданының "қағанағы қарқ, сағанағы сарқ", жағдайы тамаша. Кеткен ел қайтадан туған жерлеріне барып қоныстанып жатыр. Қуаныштарында шек жоқ. Неге Алматы облысында шекара бойындағы аудан бөлініп жеке аудан боп шығады, ал Шығыстың 1000 шақырымға жуық шекара бойына орналасқан аудандар жеке аудан боп бөлінбейді? Не кедергі? Шекарадан шекараның қандай айырмашылығы бар? Себебі түсініксіз. Үкімет халықтың мұң мұқтажын, талап тілегін шешуге міндетті. Ал Үкіметтің алдына аймақтағы туындап отырған жағдайды бүркемелемей жеткізу облыс әкімінің құзырындағы мәселе. Шекара аймағының тұрғындары зарлағалы 23 жыл болды, қаншама рет бұл мәселе қаралса да, шешімін таппай келеді. Сондықтан да, осы жолғы комиссиядан күтеріміз өте көп! Әйтеуір тек "сиыр құймышақтанып" кетпесе деймін. Тарбағатай, Мақаншы, Катон Қарағай, Марқакөл аудандарын бұрынғы қалпына келтіру арқылы, шекарамызды бекемдейміз, тозған ауылдарға жан бітіреміз. "Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз",- дейтін бір кездегі ұран, осы жолы шекара аудандарындағы ауылдарға жұғысты болсын, деп тілейік, ағайын!

Tusiphan Tusipbekov
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 599    Пікірлер: 0

жұма, 10.01.2020, 11:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31