Мемлекеттік тілге сырт қарайтын "Мемлекеттік" органдарға өкпелеп үйге қайтып барамын

26 қыркүйек 2022, 14:03

Көлігімді сатып жатырмын. Қиямет. Рәсімдеуге екі тарап болып барған едік, көлігіңіз "залогта" тұр дейді. Қалай?!..деп шошып кеткем ғой.

Сөйтсем, 2013 жылы Еуразия банкінен несиеге алып, 2016 жылы толық жауып тастасам да "залогта" ұстап отырған (төлемі біткен соң адамды сандалтпай автоматты түрде жүзеге асыруға болады ғой).

 

Сонымен банк филиалына бардым. "Қарызы жоқ" деген анықтаманы алып, Жетіген 16-да орналасқан Әкімшілік полиция бөлімшесіне келдім.

Анықтамаға қосып, 3063 теңге кепілден шығарғанымыз үшін төлейсіз дейді.

Реквизиттегі ақпараттары орысша, менің телефоным қазақша. Миым қатты. Әйтіп-бүйтіп, өздеріне көрсетіп төлемді дұрыс жасадық, әйтеуір.

"Енді түбіртекті распечатка жасап әкеліңіз"-дейді.

Қарсы бетте отырған кәсіпкерлер бір бетті шығару 100 теңге деп қарап отыр.

 

Араны ашылған бизнес өкілдері мен жұмысты үйлестіре алмаған, Мемлекеттік тілге сырт қарайтын "Мемлекеттік" органдарға өкпелеп үйге қайтып барамын.

 

 

Online Qazaqstan

Кенжегүл Тергембай   

Фейсбуктегі парақшсынан