Тіл - тас жарады...

Мен соларды "халық жауы" дер едім. Себебі оларға керегі тек ақша!

  • Мен соларды

    Мен соларды "халық жауы" дер едім. Себебі оларға керегі тек ақша!

Осы блогерлерге сот жоқ па немене? Бәрі деп көпке топырақ шашпай-ақ қояйын, өте танымал және оқырманы көп блогерлер тап осы дерт өршіп, адамдар топ-топ боп ауруханаға түсіп жатқанда, түк болмағандай тайраңдап лотореяларын ойнатып, қала берді қаланың ана бұрышы мен мына бұрышын кезіп, фотосессия жасап жүр. Әрине, олар өздерін өте тәуелсіз санайды, себебі ешкімге бағынышты емес, ақшаны өзім тауып жатырмын дейді. Бірақ тауып жатқаны халықтың қалтасындағы ақша ғой. Шытырлатып миллиондарды санап жүр. Халық соңдарынан еретінін біледі, оларға еліктейтінін біледі, ендеше тап осы тұста керісінше "халқым, өздеріңізге және жақындарыңызға жандарыңыз ашыса, сондай-ақ ауруханаларда өмір мен өлім арасында арпалысып жатқандар мен дәрігерлерге жандарыңыз ашыса, ешқайда бармай, ешқандай белсенділік танытпай жата тұрайық" деп құдайшылығын айтпай ма? Жоқ, оларға бәрібір, типа "позитивке шақырып жатырмыз" деген желеумен тайраңдап жүр. Мен соларды "халық жауы" дер едім. Себебі оларға керегі тек ақша! Сен қырылып жатсың да, басқа да, шаруасы жоқ.
Түсінем, позитив керек. Бірақ адамдар күн сайын ондап көз жұмып жатқанда, жүздеп ауруға шалдығып жатқанда, атаң басына позитив ойлайсың ба? Бұл өмірден түңіл деген сөзім емес, бірақ солидарность деген бар, тәртіп деген бар! Сол тәртіпке бағынайық та!
Қымбатты блогерлер, халық болмаса, сендер ешкімге керек емессіңдер! Сендердің шалқып жүргендерің - халықтың ақшасы! Не одан салық төлемейсіңдер! Хотябы, халықты сыйлаңдар! Соңдарыңнан еретінін білесіңдер, ендеше тап осы кезде дұрыс ақпарат беріңдер! Халыққа артық ақшаң болса, қайта бөліп беріңдер! Қиналып жатқан елді одан сайын қинап, "онлайн марафон", "пәлен сарафон" дей бермей. Ауадан ақша жасауды қойыңдар!
Жалпы, бізде әлеуметтік жауапкершілік өте төмен екен. "Өзім ауырмасам да, біреудің аурына себеп болып қалмайын" деген ой жоқ. Әйтпесе, мынадай дерт өршіп тұрғанда түк болмағандай қыдырып, той жасап, туған күн тойламас едік. Аяғымызға дамыл беріп, бейшара дәрігерлерге де сол арқылы 5 минут болса да демалыс сыйлар едік.

Ойланайық! Жалғыз үкіметті кіналаудан түк шықпайды. Өз денсаулығымыз, өз өміріміз өзіміге керек ең бірінші, осыны ұмытпайық! Әйтпесе ертең ауруханадан орын жетпей, сан соғып қалмайық!


Mариям Абсаттар
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1804    Пікірлер: 0

сенбі, 20.06.2020, 21:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30