МОЛДАДА ҰЛТТЫҚ МҰРАТ, ХАЛЫҚТЫҚ АРМАН ЖОҚ!

08 наурыз 2021, 01:30

МОЛДАДА ҰЛТТЫҚ МҰРАТ, ХАЛЫҚТЫҚ АРМАН ЖОҚ!

 

Жат ағымдарға уланып, зомбиге айналған бұл дүмшелердің санасында саудиялық шейхтардың садақасына семірген миссионерлік мүдде ғана бар.  Ел дүдәмал дінге ессіз елтіген сайын қожа молданың қабақтай қарны тоқ, шұбатылған сарт көйлегі көк бола түспек. 

 

Өзінің қарнын тоқ қылу, сол жолда қазақтың еркіндігі мен ұлттық дүниетанымын құрбандыққа шалып, жатқа ақыл-есін байлап жығып беріп, құлақ кесті құл қылу – һәр молданың "асқаралы" арманы һәм "мұсылмандық" мұраты.

 

Сондықтан, оның әр улы уағызы Аллаға құлшылықтан басталады. Ал аса мейрімді һәм жарылқаушы Жаратқанға өз перзентінің құлақ кесті құлшылығының түкке  керегі жоқ.

 

Жаратушы - өзінің жаратқанын  өзіне құл қылу үшін жаратпайды Бұл Ұлы Жаратушының жасампаздығына қайшы..

 

Бұл – сол заманда үстем болған құл иеленушілік (формацияның) сананың  сандырағы болса керек. Мұндай құлшылықтың ар жағында Құдай атын жамылған өзіңнен үстем отаршылдарға – жерің мен рухыңды жаулаушы жатқа құл болу, одан қалды жемқор билікке басыбайлы болу қитұрқысы жатыр.

 

Естеріңізде болсын, қай заманда болсын,, билік пен дін бір ауыз, екеуі де халықты құл қылу жолында – одақтас һәм табақтас. Екеуінің тұсағаны халықтың еркіндігі, аңдығаны еркін ой мен жарқын өнерге бас көтертпеу,  тонағаны – халықтың несібесі. Екеуінің сондағы сүйенгені мен сүйгені – семиттік діндердегі басты қару – құл болу идеясы.

 

Қазақтың әлі күнге дейін билікке бір ауыз сөз айта алмай қор болып отырғандығы – сол сүйегімізден өтіп кеткен құлдық сананың "арқасы".

 

Егер жат біткеннің улы уағызына  осылай ұйый берсеңдер, бұл құлдықтың шегі болмайды, қазағым!

    

Семиттік діндерді қазақтың тілі мен ділінен артық көріп, сол қалпында қазақтың санасына тықпалағасы келетін зомби "ғұламалар" мынаны түсінсін: Аврам балларының діні басқыншылық сипат пен ұлттық мәдениетті қиратушы күшке ие. Ол бұл жолда ешбір ұлт пен ұлысты аяған емес, бұдан былай да аямайды. 

 

Кешеден бері араптың тілін қызғыштай қорып, қиқынып жатқан адасқан бауырдарыма айтарым осы!

 

 

 

 

 

Ерлан Төлеутай

Фейсбуктегі парақшасынан