Тіл - тас жарады...

Мұғалімге қоқан-лоқы жасаған полицей бастығы кімнің баласы болса да, қызметінен кетуі тиіс

  • Мұғалімге қоқан-лоқы жасаған полицей бастығы кімнің баласы болса да, қызметінен кетуі тиіс

    Мұғалімге қоқан-лоқы жасаған полицей бастығы кімнің баласы болса да, қызметінен кетуі тиіс

Ұстаздар әулетінде дүниеге келдік. Атамыз да, анамыз да мұғалім болды. Сондықтан қоғамда ұстазға деген құрметтің қандай болғанын білеміз.
Тәуелсіздік жылдары мұғалім мәртебесі құлдырап кеткені жасырын емес. Ұстазды түрлі жұмысқа жегіп, оны қолбала жасау әдетке айналды. Десек те мектеп мәселесінің күрделене түсуіне "мұғалімнің" де қатысы жоқ емес. Тамыр-таныспен қызметке орналасу, сырттай оқып мұғалім болу, сабаққа бармай қосымша жұмыспен айналысу тб жағдайлар әсіресе, ауылдық жерде көптеп кездеседі. Осылайша ұстаз беделі де құлдырай берді. Жергілікті билік тағайындағаннан кейін мұғалім оның сөзінен шыға алмайды.
Мысалы, Түркияда мұғалімді Білім министрі тағайындайды. Сондықтан оның мәртебесі де жоғары, жағдайы да жақсы, еңсесі биік оған жергілікті биліктің әмірі жүрмейді.
Ұстаз деген ардақты атты иеленген мұғалім - әжетхананы күзетумен емес, ұрпақтың болашағын күзетумен, білімсіздікті түзетумен айналысуы керек.

Бұл жерде тағы бір мәселе, елімізде мектеп инспекторлары тапшы. Көп жерде бекітілген инспекторлар мектеп табалдырығын аттамаған да. Сонда олардың жұмысын кім үйлестіреді?
Ал мектептің ішінде, оқушылардың көзінше мұғалімге қоқан-лоқы жасаған полицей бастығы кімнің баласы болса да, қызметінен кетуі тиіс. Полиция өзінің қожайын емес, қарапайым халықтың қызметшісі екенін білгені жөн...

Darhan Qydyráli
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 5489    Пікірлер: 0

жексенбі, 15.12.2019, 20:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30