Тіл - тас жарады...

Мұнайға мұртынан байлаулы ел сүйреуге де, соғуға да ыңғайлы...

  • Мұнайға мұртынан байлаулы ел сүйреуге де, соғуға да ыңғайлы...

    Мұнайға мұртынан байлаулы ел сүйреуге де, соғуға да ыңғайлы...

КӨКТЕ ҚҰДАЙ, ЖЕРДЕ МҰНАЙ, ОРТАСЫНДА СЭМ АҒАЙ...

Мұнайға мұртымыздан байланған мемлекетпіз ғой. Басы ашық мəселе: Ресейдің ықпалынан біржолата құтылмай, экономикалық қылбұраудан босай алмаймыз. Егер осылай жалғаса берсе, тек Ресейдің мүддесі үшін құрылған ЕЭО (Еуроазиялық экономикалық одақ) пен ҰҚШҰ (Ұжымдық қауіпсіздік шарты туралы ұйымы) қазақтың түбіне жетеді.
Əлемдік үкімет Ресейдің көрін қазуға баяғыда уағдаласқан. Бұл беттен оларды енді ешкім қайтара алмайды. Совет Одағын құлату - олардың бас жоспары еді. Оны отыз жылдың ішінде тамаша жүзеге асырды. Ендігі жоспар Ресейді бөлшектеу. Əлемдік күштер бұл мақсатына да таяу қалды. Əлемдік алпауыт күштер үшін барлық салада өндірісі мешеу қалған Ресей сорлы (Қазақстанмен бірге) қытайдың пультпен басқарылатын ойыншығы іспетті. Пульт - мұнайдың бағасы. Бір ғана ОПЕК мұнай бағасын құлдырату арқылы-ақ Ресейді жəне оның Қазақстан сияқты экономикалық серіктес (шын мəнінде бағынышты) елдерін оңай тұралата салады. 1990 жылдары мұнай барелінің 9 долларға дейін түсіп кеткенін есіңізге алыңыз.
Міне, тағы да мұнайдың барелі 45$-дан 31$-ға күрт құлдырады. Кезекті санкцияның бұл сұрапыл соққысы Ресейдің тұмсығын бұзып өтіп, панасында жарбиып тұрған Қазақстанның құлақ шекесінен тиеді. Ресей мен Қазақстан бір-біріне жабысып туған сиам егіздер тəрізді ғой. Бір соққыдан екеуі де кəдімгідей есеңгіреп қалмақ

Қазақстан бұл соққыдан тезірек есін жию керек. Тоқаев дипломаттығының шеберлігі сыналатын сəт енді келді.
Қап, енді-енді есімізді жиып келе жатыр едік. 2016 жылы доллардың теңгемізді 180 нен 380 қарғытқанын, дұрысы қаңғыртқанын қазақ баласы ұмыта қойған жоқ. Өйткені оның сұрапыл соққысынан орта бизнес пен кіші бизнес "ноқтасын ұстап" жұтап қалды. Егер теңге солай құлдырайтын болса, бұған бұқара төзе алмайды. Ел ішінде əлеуметтік толқулар, дүмпулер орын алмақ. Өйткені халық қазір қатты ашынулы. Халық енді "Арық еті арша, борбай еті борша" болып жүріп жинаған жиған-тергенінен доллар қымбаттады екен деп айырыла салмайды. Оның үстіне жемқорлық қажытқан қараша қазір тым ашулы. Ендеше билік өзін сақтаймын десе жемқорлықпен күреске шындап кірісуі тиіс. Бүгін қоғам белсендісі Айтқожа Фазыл парақшасында жазғандай уақытша ату жазасын қолданса да артық емес. Себебі жемқорлық өзінің шарықтау шыңына жетті. Жемқорлықпен күреске арналған түрлі науқандар ешқандай нəтиже бермеді. Енді тек қатал, шұғыл шешімдер арқылы ғана жемқорлықты ауыздықтауға болады.
Ал енді мұнай бағасының құлдырауына келсек...бұлар бізді Ресейден іргемізді аулақ салғанша ұра беретін тəрізді ғой. Онда бұл соңғы соққы емес... Мұнайға мұртынан байлаулы ел сүйреуге де, соғуға да ыңғайлы ғой...

Ерлан Төлеутай
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 1049    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.03.2020, 09:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31