Тіл - тас жарады...

Мұндай мəлімдемелерді оңды-солды жасай берсе, ол кісі ертең абыройынан айырылады

  • Мұндай мəлімдемелерді оңды-солды жасай берсе, ол кісі ертең абыройынан айырылады

    Мұндай мəлімдемелерді оңды-солды жасай берсе, ол кісі ертең абыройынан айырылады

ЕЛ ЖОЛДАН ТОЗАДЫ...

Қазақстанда жыл сайын жол апатынан екі мыңнан аса адам опат болады екен. Мүгедек боп қалатындары əлденеше мың...
Өткен бір аптаның ішінде республика жолдарында 39 адам қаза тапқан. Бүгінгі ұшақ апатынан 14 адам о дүниелік болды деген ақпарат тарап жатыр.

Салыстыру үшін айтсақ, Кеңес Одағы Ауғанстан жерінде 10 жыл соғысқанда 15 мыңдай жауынгерінен айырылған яғни жыл сайын орта есеппен мыңнан аса сарбаз оққа ұшқан.

Қазақстанның автожолдарындағы жыл сайынғы кісі өлімі Кеңес - Ауған соғысынандағы адам шығынынан асып түсуде. Өзім де ел жолдарында екі інімнен айырылдым. Еліміздің автожолдарына құрбандық төлемеген отбасы сирек.

Елімізде ұзақ жылдардан бері жол майданы жүріп жатыр. Бүгінгі болған ұшақ апаты бұл майданның көк жүзіне - аспанға ауысқанының айғағы. Темір жолдардың да тозығы жетіп тұр, Құдай сақтасын, беті аулақ!

Осының бəріне қазақ билігін жайлаған жемқорлық кінəлі. Жемқорлықпен күрес науқанының барлығы нəтижесіз аяқталуда. Жемқорлықпен ұсталып, үйінен бір машина ақша шыққан Мəнізоров сияқтылардың сүттен ақ, судан таза болып шығуы - жемқорлықпен күрестің түбегейлі жеңіліске ұшырағанының бір айғағы. Бұл масқара оқиға арқылы мемлекет өзінің жемқорлармен күресе алмайтындығын, билік жүйесін өрмекшінің торындай торлап алған коррупция індеті алдында еш дəрменсіздігін айдай əлемге əйгіледі.

Осылайша, қазақ билігі жемқорлықпен күрестен орыстан жеңілген немістей біржолата жеңіліс тапты. Ақорда билігі енді жемқорлықпен күреспесе де болады. Өйткені билікте мемлекетшіл тұлғалар қалмады, жемқорлықпен күресетін барлық ресурстар сарқылды. Қалса да олар мемлекеттік мекемелерде жоқ, болған күннің өзінде билік басында отырған басынан бақайшағына дейін коорупциялық əдіс-айла, əрекет тетіктерімен қаруланған жемқор кландармен күресуге еш дəрменсіз. Отыз жыл бойы мемлекеттік органдарды шырмауықтай шырмап алған коррупция індетін жоюға мемлекет билігінің басы-қасында жүрген саяси тұлғалардың күш-жігерінің жетпейтіні əмбеге аян болды.

Президент бүгінгі болған ұшақ апатынына кінəлілерді қатаң жазалаймын деп жатыр. Қайтіп жазалайды? Өйткені мемлекет қазынасын тонаған қарақшы шенеуніктерді заң күшімен жауапқа тартып, қылмыстық кодекс баптарымен жазалаудың ешқандай механизмдері жұмыс істемейді ғой. Оның дəлелі - ірі акулалар ұсталмайды, ал ұсталған күнде жыртық аудан жылп ете қалған жылбысқы шортан құсап сытылып шығып кетіп жатыр. Бұл жолы да шабақтар тұтылып, шортандардың құтылып кететінін бұған дейін коорупциямен күрестің талай науқанын көріп келе жатқан байғұс халық біліп отыр. Бұқар жырау Абылайханға айтқандай: "Бұған қылар амал жоқ!" Сондықтан Президентің кінəлілерді қатаң жазалаймын дегені болмайтын əңгіме, орындалмайтын уəде. Мұндай мəлімдемелерді оңды-солды жасай берсе, ол кісі ертең абыройынан айырылады. Егер жемқорлықпен шындап күресемін десе, жүйені өзгерту керек. Ал бұл жүйенің ауыр құрбандықтарсыз өзгермейтіндігі өзіне де, басқаға да аян.

Бүгінгі болған ұшақ апаты елдің тозғандығын көрсетті. Иə, ел тозып тұр. Қазақтың озық ел еместігінің бір дəлелі оның тозығы жеткен жолдары, аспанда ұшып жүрген жемқорлық жолмен сатып алынған ескі құсқы ұшақтары.

Ел жолынан жүдейді, жемқорлықтан тозады. Еліміздің бүкіл коммуникация құрылғылары ескірген. Су, кəріз құбырлары, жылыту жүйелері, бу қазандықтары, автомобиль жəне теміржолдар, əуе тасымалы - барлығы тозып тұр. Оны жаңартуға бөлінген мемлекет қаржысы жемқорлардың жемсауында кетуде.

Бізде тек мұнай мен газ құбырлары ғана жаңа, өйткені бұл құбырлар арқылы жемқорлар ел байлығын сыртқа тасып жатыр...

Бүгінгі ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын. Жараланған бауырларымыздың тез сауығып, қатарымызға қосылуына тілектеспін! Енді мұндай қайғы елімізде болмасын деп тілейік.

Ерлан Төлеутай
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3432    Пікірлер: 0

жұма, 27.12.2019, 21:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30