Тіл - тас жарады...

«Мұндай зейнеттің барынан жоғы», - деп ренжіп жүрген кісілерді көп көремін...

  • «Мұндай зейнеттің барынан жоғы», - деп ренжіп жүрген кісілерді көп көремін...

    «Мұндай зейнеттің барынан жоғы», - деп ренжіп жүрген кісілерді көп көремін...

Өмір бойы итіңдеп жұмыс істеген адамдар зейнетақы шотындағы ақшасын ит талағандай қылып алып жатыр. Бейнетемнің зейнетін көрем деп кассаға белі бүкірейіп барған ата-әжелер амалсыздан бар жиғанын жырымдап алуға мәжбүр. Басқасы басқа, елу жылға жуық еңбек еткен адамдарға пенсияға шығатын уақытта қиянат жасауға болмайды. Шотына қанша ақша жиналды, сол күні толық төлем жасалуы қажет. Әр адамның өз жоспары бар. Айталық сіз ертең пенcияға шықтыңыз. Жарнаңызда 4-5 миллион жиналып тұр. Судай жаңа бір көліктің құны немес жыртық үйіңді жамауға жететін ақша. Тіпті болмаса, өміріңде бір рахаттанып қыдыруға жетеді. Бірақ, сізге ол бірден берілмейді. Ай сайын 15-20 мыңнан ырымдап-жырымдап алуға мәжбүрсіз. Обидно ма? Қазақша айтқанда, «мұндай зейнеттің барынан жоғы», - деп ренжіп жүрген кісілерді көп көремін. Сондықтан, зейнеткердің маңдай терімен жинаған шоттағы ақшасы бірден берілмесе, онда зейнетақы жарнасы емес, зейнетақы салығы деп танылуы тиіс. Онсыз да он пайыз табыс салығы алынады. Екеуіне екі түрлі айдар тақпай, бірден 20 пайыздық табыс салығы деп бекітілсін. Мұнайдың қымбат шағында толық төлем жасалды. Кейін қара алтын арзандаған кезде зейнетақы шотындағы ақша екіге бөлініп берілді. Одан соң жер жүзінде жоқ заң шығарып алдық. Кризис-мірезис деп ақырында ауызды қу шөппен сүртті. Заманның сау уағындағы бәрі қарыз бергіш. Шетелдік пысықайларды айтамын. Кризисте кім қарыз берсін, әркім өз жағдайын, өз экономикасын ойлайды. Сорақысы сол, керек емес кезде әлемдегі банктің бәріне қарызданып, қиын-қыстау шақта тілімізді тістеп қалғанымыз тағы бар. Ақырында амалдың жоқтығынан, ретсіз реформалардың боқтығынан қариялардың ақшасына қол салдық. Мысалы, 2018 жылы БЖЗҚ-дағы 450 млрд теңгені «ҚазАгро» холдингіне деп сұраусыз суырып алды. 15 жылда ол ақша кері қайта ма, қайтпайды ма құдай білсін. Бір анығы, былтыр әлгі құрып кетуге шақ қалған «ҚазАгро» холдингі шетелден алған валюталық қарыздарын жауыпты. Міне, пенсионерлерге тиесілі теңге қалай жұмсалып жатыр деп сұрағандарға образно жауап. Пайдасынан зияны көп банктер мен холдигтерді капиталдандыруға БЖЗҚ-дан миллиардтаған ақша алынды әлі де алынады. Мұның жауабын Серік Әбденовше айтсақ, потому что, потому что....Ал, Дмитрий Медведев «денег нет, но вы держитес» депті өз еліндегі зейнеткерлерге. Күту деген керемет, әттең өмір қысқа екенін түсінбейді ғой олар...

 

Ербол Мандибек
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3941    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.06.2020, 10:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31