Тіл - тас жарады...

Мың емес, миллиондаған кітаптың ақшасы сыртқа төгіліп жатыр. Бұған кім кінәлі?

  • Мың емес, миллиондаған кітаптың ақшасы сыртқа төгіліп жатыр. Бұған кім кінәлі?

    Мың емес, миллиондаған кітаптың ақшасы сыртқа төгіліп жатыр. Бұған кім кінәлі?

ЖАРЫДЫҚ, МИНИСТРГЕ...


Айналдырған екі айда екі министр өзгерттік. Сағадиевтің сыздауық-реформаларынан құтыламыз ба десек, тағы соқталы жаралардың беті ашылатын түрі бар.

Бүгін еліміздегі әйдік бір баспаxанаға әлдебір кітапты бастыру үшін xабарластым. Ондағы қызметкерлер зар жылап отыр. Министрлік тендерді енді өткізіпті. Қыркүйекке дейін ешқандай тапсырыс қабылдамаймыз дейді.

Ал, телефонның құлағына отырып алып, бірнеше баспаxанаға қоңырау соқтым. Олардың бәрі - қауырт. Бәрі Білім министрлігінің былығына наразы. Үлгермейтін болғаннан кейін оқулықтарды Қытайда, Түркияда бастырып жатқандарын айтады... Мың емес, миллиондаған кітаптың ақшасы сыртқа төгіліп жатыр. Бұған кім кінәлі? Уақыт есептемей тендерді кешіктірген министрлік пе, сол тендерді игеремін деп тендер ұтып алған баспаxана ма? Осы екеуі жабылып бюджеттегі аз ақшаны Қытайдың қанжығасына байлап беріп жатқан жоқ па? Су-жаңа министр осы сұраққа жауап беріп көрсе (жаңадан келгендіктен ақталуға мүмкіндігі бар шығар)... Біз естігенімізді айттық, құлағымыз жазықты бола қоймас!

Өмір аға, министрліктегі дөкейлерді осында белгілей салыңызшы. Өткенде Астанада солардың қасында жүргеніңізді))) көріп қап едім.


Қанат Әбілқайыр

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2091    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.07.2019, 09:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31