Тіл - тас жарады...

Мың жерден қылғынып, жүз жерден күйінсең де шындық осы!

  • Мың жерден қылғынып, жүз жерден күйінсең де шындық осы!

    Мың жерден қылғынып, жүз жерден күйінсең де шындық осы!

"Ватцап" әлеуметтік желісінде еліміздегі бір қауым аудармашының басын қосқан бір жойқын тобымыз бар. Негізгі мақсатымыз қай жерде қандай қызмет түрі бар екенін хабарлап, аударма бюролары ұсыныс жасайды. Сол бойынша тапсырыс алып, тиын-тебен табамыз. Көбінесе, Алматы мен Астанадан түсетін ұсыныстар көп. Аударманың әр түрі бар: синхрондық, ілеспе, жазбаша, ауызша және әдеби-көркем, техника-технологиялық дегендей көп, енді. Соңғы кезде іскерлік, бизнес саласына сұраныс көп. Арасында мемлекеттік органдардан да тапсырыс түсіп жатады. Бағасы келісім бойынша. Тілдердің де түрлері көп. Арабша-орысша, ағылшынша-орысша, қытайша-орысша, грузинше-орысша, түрікше-орысша, тіпті, қыл аяғы серб-хорватша - орысша деген де тапсырыстар кездеседі. Ана жолы біреулер венгр-орыс аудармашы керек деп шарқ ұрып жатыр екен. Мен Marat Uatkan-ды нұсқағанмын. Олар телефонын іздеп тапты ма, жоқ па, ол жағын білмеймін. Соңғы кезде украйнша-орысша және керісінше аударатын тілмаштарды әріптестеріміз көп іздейтін болып кетті. Бұл жерде айтайын дегенім, өздеріңіз де аңғарып отырған боларсыздар, қазақшаға ешбір сұраныс жоқ. Ешкім де пәлен тілден қазақшаға немесе қазақшадан түген тілге аударма жасатамыз деп ұсыныс айтпайды. Қазақстанда тек қана орыс тілі үстемдік етіп тұр. Әлемнің барлық тілін білетін дүниеде теңдессіз полиглот болсаң да, егер орыс тілін білмесең біздің елде арам қатасың. Мың жерден қылғынып, жүз жерден күйінсең де шындық осы!

Қуандық Шамахайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 8872    Пікірлер: 0

жұма, 13.12.2019, 12:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30